Жұлдызды жаңалықтар

Үлкен гүл шоғымен суретке түскен Ерке Есмахан елді қызықтырып қойды (фото)

  • Үлкен гүл шоғымен суретке түскен Ерке Есмахан елді қызықтырып қойды (фото)

    Үлкен гүл шоғымен суретке түскен Ерке Есмахан елді қызықтырып қойды (фото)

Әнші Ерке Есмахан желіде алып раушан гүлдер шоқтарын құшақтап тұрған суретімен бөлісіп, өткен жылға қорытынды жасады. Алайда, көпшілікті әншінің 2019 жылы не жұмыс жасағанын гөрі, үлкен гүл шоғын сыйға тартқан адам кім екені қатты қызықтырды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

 
 
Фото: Instagram/erke_esmahan/zholanova_gulnaz. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Фото: Instagram/erke_esmahan/zholanova_gulnaz. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Өнер иесі раушан гүл шоқтарымен түскен суретін Instagram парақшасында жариялаған. Суреттің астына ол 2019 жылды қорытындылап, өзін-өзі мақтады.

"Өтіп бара жатқан жылға көз жүгіртіп, артқа қарап едім, "Ерке, жарайсың" - деп өз өзіме риза болып отырмын! Келер жыл бұдан да күшті боларына сенімім мол! Барлығына Аллаға сансыз шүкір! Әр қазағым аман болсын! Ел аман, жұрт тыныш болсын! Әр сынақтың артына жеңілдік әкелсін! Ал, ең жаман қызыңыз мендей болсын" , - деп жазды әнші.

Айта кетерлігі, Еркенің көйлегі гүл шоқтарымен түстес болған. Екеуі де алқызыл түсті.

Өз кезегінде желідегілер бірден өнер иесі ұстаған гүл шоғына қызығып, оны кім сыйлағанын білуге ниеттенді. Олар әншіні сұрақтың астына алған.

"Ерке сен де, гүлдерің де керемет" , "Сен бұдан да үлкен гүл шоғына лайықсың" , "Кім сыйлады екен?" , "Сүйіктіңіз сыйлады ма? Әлде біреудің гүлдері ме?" , "Тамаша, Ерке келер жылы бақытыңды табасың деген үміттеміз" , - деп жазды көпшілік.

Айта кетейік, бұған дейін Ерке Есмаханның жазбасы желіде шу тудырғанын жазған болатынбыз.

 

 




Көрілген: 1531    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 30.12.2019, 16:57

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30