Жұлдызды жаңалықтар

"Зорлау, кісі өлтіру, ұрлық": Алуа Қонарова елде қауіпті екенін айтып ашынды

  • "Зорлау, кісі өлтіру, ұрлық": Алуа Қонарова елде қауіпті екенін айтып ашынды



Белгілі продюсер Алуа Қонарова балабақшадағы жағдайдан кейін мемлекетке наразы екенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі.


 


Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында балабақша тәрбиешісінің екі сәбиді ұрып жатқанын бейнежазбамен бөліскен болатын. Оның айтуынша, Instagram бұл видеоны бұғаттап, енді тіпті проюсердің парақшасындағы жазбаларды оқырмандары көре алмайтын етіп тастаған.


«Инстаграм балаларды ұрып жатқан тәрбиешінің видеосын бұғаттап тастады. Қажет емес кезде шектеу қойып отыр. Менің жазбаларымды көп адам көре алмайды», - деп наразылық білдірді. 


Еліміздегі түйінді мәселелерді шешетін уақыттың келгенін жазып ашынды продюсер. Барша халықтың қауіпсіздікте өмір сүргісі келетінін жазып, ашуға булыққан продюсер тыныштықты қадағалау керек екенін жеткізді.


«Бір сөзбен айтқанда, елімізде шешілмеген мәселелер өте көп. Педофилия, зорлау, ұрлық, адам өлтіру. Ішкі саясат пен әлеуметтік мәселелерді қолға алатын уақыт келді. Біз қауіпсіздікте өмір сүргіміз келеді», - деп жазды Алуа Қонарова.


Продюсердің бұл жазбасы желі қолданушыларының арасында талқыға салынды.



"Сізге саясатқа араласу керек. Әділ билікті орната аласыз", "Ешқашан шындықты айтудан жасқанбайсыз", "Бәрі сіздей болса ғой" деп жарыса пікір қалдырды жұрт.


 



 

 




Көрілген: 1120    Пікірлер: 0

сенбі, 04.05.2019, 18:24

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31