Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Алматыда қалың қар жауады: құтқарушылар тұрғындарға ескерту жасады

03 қараша 2021, 11:03

Алматыда көктайғақ болып, қалың қар жауады. Төтенше жағдайлар департаменті жаяу жүргіншілер мен жүргізушілерге бірнеше кеңес берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазгидромет синоптиктері 4 қарашада Алматыда ауа райы қолайсыздығына байланысты ескерту жариялады. Қалың қар жауады деп күтіледі. Түнде және таңертең - тұман, кей уақытта - көктайғақ. Ауа температурасы айтарлықтай төмендейді: түнде 6-8 градусқа дейін, күндіз 3-5 градусқа дейін аяз.

"Осыған байланысты Төтенше жағдайлар департаменті автотұрақта уақытты үнемдемеуді және автокөліктерді ағаш, электр желілері және басқа да құрылыстар маңына қоймауды ұсынады. Ең қауіпсіз жерді, жақсырақ арнайы автотұрақтарды таңдаңыз. Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті көлік иелері мен жаяу жүргіншілерге көктайғақ кезінде жолдарда өте сақ және мұқият болуды ұсынады", - деді Төтенше жағдайлар департаменті өкілдері.