Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

"Банк құпиясы ашылады". Вице-министр мобильді аударымдарды реттеу туралы пікір білдірді

25 қараша 2021, 19:45

Қаржы вице-министрі Марат Сұлтанғазиев мобильді аударым бойынша қандай транзакциялар күдікті саналатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Екінші деңгейдегі банктерді азаматтардың мобильді төлемдері мен аударымдары туралы мәліметтерді мемлекеттік кірістер органдарына беруге міндеттейтін норма "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" кодексті қолданысқа енгізу туралы" заңда қабылданған. 

Түзетулер мобильді аударымдарды реттеу жоспарларына қатысты.

"Егер сіз туған күніңізге анда-санда ақша алсаңыз, мысалы, туыстарыңыздан, онда бұл тәуекелдерді басқару жүйесіне түспейді. Егер күнде және бес уақыт "туған күніңіз" болса, онда бұл күдік тудырады. Бұл бөлімде салық органдарына банк құпиясы ашылады", - деді Сұлтанғазиев заң қабылданғаннан кейін Сенат отырысында.
Ол жасанды интеллект арқылы жосықсыз кәсіпкерлерді анықтап, тексеруді жоспарлап отырғандарын түсіндірді.

Айта кетейік, бүгін Сенат депутаттары мобильді төлемдер түсінігін енгізетін заң қабылдады. Енді кәсіпкерлер аударым үшін салық төлейтін болады.