Мәселе

Жүйенің жақсылығы неде?

001110


Сәуле ДИҚАНБАЕВА, медицина ғылымының докторы, профессор, «Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары» ұлттық орталығының бас директоры:

– Соңғы бес жылда денсаулық сақтау саласына бөлінген қаржының көлемі бұрынғыдан 4,5 есе, жан басына шаққанда 3,5 есе көбейді. Оның ішінде қаржының 60 пайызы кепілдендірілген тегін медициналық көмектің көлемін арттыруға бөлінген. Алайда қолда бар ресми мәліметтерден жергілікті тұрғындардың денсаулық деңгейінің төмендігін, өлім көрсеткішінің азаймай отырғанын байқаймыз. Сондықтан қалай болсын, бұл салаға өзгеріс енгізу, бөлінген қаржының орнымен жұмсалуын қамтамасыз ету керек болды. Осы орайда жаңа жүйенің осы салаға бөлінген қаржының тиісті жерге жұмсалуын қамтамасыз етуге бағытталуы қуантады. Сондай-ақ қазіргі таңда тұрғындарға сапалы мамандандырылған және жоғары деңгейдегі медициналық көмектің қолжетімді болуы талқыға салынуда. Осындай артықшылықтарымен жаңа жүйе әлі-ақ өзін-өзі дәлелдейді. Әрине, жаңадан басталған жүйенің өзіндік қиыншылықтарының да болуы – заңды нәрсе. Алайда бұл жүйенің көптеген дамыған елдерде кеңінен қолданылып жатқанын ұмытпауымыз керек. Жүйенің дұрыс жұмыс істеуі тек қана Денсаулық сақтау министрлігіне ғана емес, ол ең алдымен аймақтардағы жергілікті денсаулық сақтау мекемелері басшыларының сауатты әрі нәтижелі жұмысына да байланысты. Сондықтан жаңа жүйенің берері әлі алда.


amalbek-tshanov1


Амалбек ТШАНОВ, Республикалық спорт колледжінің директоры:

– Жаңа жүйенің қаншалықты жақсылы-жаманды екенін уақыт көрсетеді. Әзірге түкке түсінбей жүрген халықтың сапырылысқанына ғана куә болып отырмын. Жаңа жүйе ауылдағы онсыз да тұралап тұрған медицинаны одан әрі күйрете ме деп қорқамын. Қазір қала мен ауылдың арасында – сенделген халық. Мұндай аласапыран дүние кім үшін керек болғанын түсінбеймін. Жалпы жүйеге еш көңілім толмайды.


nazigul-konyrtaeva


Нәзігүл ҚОҢЫРТАЕВА, Қазақстандағы бірінші медицина сүлігімен емдеу орталығының бастығы және гирудотерапия саласының бас маманы:

– Жекеменшік медициналық орталықтың басшысы ретінде бұл жүйені қолдаймын. Өйткені мұның бәрі – халықтың медициналық көмек алуының сапасын арттыру үшін атқарылып жатқан істер. Әлі де болса күрделі жүйенің аяқ алысына баға беру ертерек. Халық жаңа жүйенің жемісін көруге асығып отырған секілді. Бірақ күрделі жүйенің нәтижесін көру үшін уақыт керек. Бұл – жайдан-жай қабылдана салған нәрсе емес, дамыған елдерде қолданылып жүрген мүмкіндігі жоғары жүйе. Сондықтан жерден алып, жерге салып сынай бермей, жүйенің өзін-өзі көрсетуіне қолдау жасауымыз керек. Медицина саласының қызметкерлері де жүйенің дұрыс жұмыс істеуіне жағдай жасаса, жүйе біз күткен нәтижені берері анық.




Көрілген: 2224    Пікірлер: 0

жұма, 09.04.2010, 12:31

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30