Жыл басынан бері Қазақстаннан шетелге 500 млрд теңгеге жуық қаржы аударылды

15 тамыз 2022, 16:13

2022 жылдың бірінші жартыжылдығында Қазақстаннан халықаралық ақша аударымдары жүйесі (СДП) арқылы шетелге 495,8 млрд теңге жіберілді. Бұл туралы Azattyq Ryhy Ranking.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл өткен жылмен салыстырғанда 9,7%-ға артық. Тек маусым айында шетелге рекордтық сома – 104,4 млрд теңге жіберілген. Өткен жылдың сәуір айында бұл көрсеткіш 103,6 млрд теңге болса,  2021 жылдың маусымында 103 млрд теңгені құрады.

2022 жылдың қаңтар-маусым айларында шетелге жіберілген халықаралық аударымдардың жартысы Өзбекстанға (130 млрд тг) және Түркияға (118,5 млрд тг) тиесілі болды. Сол сияқты аударымдардың айтарлықтай көлемі Ресейге (86,2 млрд тг), Қырғызстанға (55,2 млрд тг) және Грузияға (39,9 млрд тг) жіберілген.

2022 жылдың бірінші жартыжылдығында Қазақстаннан шетелге жіберілген аударымның жалпы көлемінің тек 76,8%-ы «Алтын тәжге» тиесілі. Бұл – 380,9 млрд теңге, бір жыл ішіндегі өсім 3,5%-ды құрады. Одан кейін – Contact жүйесі. Бұл жүйе арқылы 64,9 млрд теңге аударылды. Аталған көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 2,2 есе көп. Көшбасшылар үштігін Western Union аяқтайды, аударым көлемі 30,2 млрд теңге, бір жылдағы өсім – 9,8%-ды құрайды.