Мәселе

Тісі ауырғанның әмияны бос

  • Тісі ауырғанның әмияны бос

    Тісі ауырғанның әмияны бос

Қазақта «тісі ауырған мен іші ауырғанның халін сұрамайды» деп жатады. Десек те, қазіргі таңда тек біздің елімізде ғана емес, бүкіл әлемде медициналық қызметтің ең кең тараған әрі өте табысты түрі стоматология болып отыр. Дереккөздерге сүйенсек, бүгінде әлемдегі әрбір екінші адамның тісінде  тісжегі бар екен.


Естеріңізде болса, жыл басында елімізде балалардың жаппай В және С гепатитін жұқтырып жатқандығы туралы ақпарат тарап, Денсаулық сақтау министрлігін бір дүр сілкіндірген еді. Шу шықпаса, былқ етпейтін біздің министрліктердің әдеті ғой. «Жер астынан жік шықты, екі құлағы тік шықты» дегендей, үстіміздегі жылдың ақпан айында аймақтарда С гепатитінің тарап жатқандығы туралы жағымсыз жаңалық денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиевтің шалт қимылдап, аталған мәселеге қатысты шаралар қолдануына себепкер болды. Министрдің қатаң бұйрығымен жер-жердегі В және С гепатиті таралуы мүмкін деген стоматологиялық клиникалар мен косметологиялық орталықтар жаппай тексеріліп, нәтижесінде Қазақстан бойынша тексерілген 1869 стоматологиялық клиниканың 677-сі, яғни 36,2 пайызы эпидемиологиялық және дезинфекциялық-стерильдік қалыпқа сәйкес емес деп табылған. Сондай-ақ стоматологиялық клиникаларда қызмет ететін 7996 қызметкерді тексеру нәтижесінде олардың арасынан С және В гепатитін жұқтырған 58 қызметкер анықталып, жұмыстарынан аластатылды. Денсаулық сақтау министрлігі келтірген деректерге сүйенсек, жалпы тексеру қорытындысы бойынша, 864 ереже бұзу тіркелген, 981 ұжымға айыппұл салынған, жалпы саны 244 қызметкер жұмысынан босатылып, 44 стоматологиялық клиника жұмысын тоқтатқан. Демек, еліміздегі стоматология саласы қанша дамыды дегенмен, шешімін күтетін мәселелердің көп екендігін аңғарамыз.


Аталған сала бойынша айта кетерлік тағы бір мәселе – стоматологиялық қызметтің өте қымбаттығы және тегін қызмет көрсету аясының тарлығы. Қазір қалтаңызда ақшаңыз болса болғаны, сізге небір қымбат материалдардан су жаңа тіс те салынады және тісіңізді жұлғанда ауырмақ түгілі, сезбей де қаласыз. Бірақ сонда қазір қалтасында ақшасы жоқ адамның тісі ауырса, ол қайтеді?


Ермек Атағұлов, стоматолог:

– Биыл енген бірыңғай денсаулық сақтау жүйесінде тегін стоматологиялық қызмет көрсету жағы әлі де жетілдіріле түссе деген ұсыныс айтқым келеді. Бүгінде тегін стоматологиялық қызмет көрсетуге тендерді ұтып алған белгілі бір емханаларда ғана мемлекеттен бөлінген квотаға балаларға, аяғы ауыр әйелдерге, көпбалалы аналарға, соғыс және тылда қызмет еткен ардагерлерге, мүгедектерге ақысыз қызмет көрсетіледі. Бірақ бұл өте аз. Сондықтан квотаны арттыра түсу қажет. Сондай-ақ бұрынғыдай әр мектептегі, балабақшалардағы стоматологиялық бөлмелер қалпына келтірілсе, нұр үстіне нұр болар еді.



Түйін:

Біздің сөз еткеніміз – еліміздегі стоматология саласындағы мәселелердің бір парасы ғана. Айта берсек, тек бізді ғана емес, әлемді мазалаған сауалдар бұл салада жетерлік. Десек те, еліміздегі медицинаның басқа салаларына қарағанда, дәл осы стоматологияда біршама алға жылжушылық та жоқ емес.





Көрілген: 3547    Пікірлер: 0

жұма, 09.04.2010, 12:30

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30