Алаштың интернет-мәслихаты

Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына ақын-жазушылар қауымы қандай үлес қоса алады?

  • Нұрлан ОРАЗАЛИН, ҚР Парламенті Сенатының депутаты. ©Ғабит МАДАЛИЕВ (фото)

    Нұрлан ОРАЗАЛИН, ҚР Парламенті Сенатының депутаты. ©Ғабит МАДАЛИЕВ (фото)

Биылғы жылдың ерекшелігі – мемлекеттік деңгейде Қазақ хандығының 550 жылдығы алғаш рет аталып өтілмек. Былтыр Елбасы Н.Назарбаев көтерген бастамаға жан-жақты қолдаулар болды, дағдарыс қысты десек те - торқалы тойға деген қам тоқтаған емес. Әйтсе де, «тойдың болуынан боладысы қызық» демекші, мерейтой төңірегінде әңгіме көп. Шарықтау шегі Жамбыл облысы Шу алқабында арнайы іс-шаралар ұйымдастырылатыны да жоспарға салынып жатыр. Ұлттығымызды, мемлекеттігімізді - ұлттық мемлекеттігімізді паш ететін, Тәуелсіздігіміздің тамырын танытатын осынау шараға әр қазақтың да таласы бар. Бұл мерейтойға әр қазақ өзінше үн қоса алады, әрбір ұйым да өзінің үлесін бере алады. 


Осы тұрғыдан алғанда, қазақ руханиятының қара шаңырағына айналған Қазақстан Жазушылар одағының осындай игі іске қосар үлесі нешік? Бұндай торқалы тойға ақын-жазушылар бастаған зиялы қауым нендей қадаммен келуі керек? Осы жайында тақырыпты тарқатып алу мақсатында «Алаштың интернет-мәслихаты» айдарына Қазақстан Жазушылар Одағы Басқармасының төрағасы, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Нұрлан Оразалин мырзаны шақырған едік. 


Ендеше ардақты әлеумет, көкейде жүргін көп сұрақтарыңызды, білгіңіз келетін мәселелерді, түйткілді сауалдарыңызда ғаламтор желісі арқылы біздің сайтымызда қоюыңызға әбден болады. Нұрлан Мырқасымұлы таңдалған тақырып төңірегінде сұрақтарға жауап беруге әзір.


Еске сала кетейік, интернет-конференция ашудағы басты мақсат – қоғамдағы өзекті мәселеге қатысты азаматтар тарапынан туындайтын сауалдарға лауазымды тұлғалардың, шенеуніктердің жауабын жедел ұйымдастыру.

Осыған орай, мерейтой төңірегінде көкейде жүрген, білгіңіз келетін сауалдар болса бізбен байланысыңыз! Толғандырған сұрақтарды сайттың ««Алаштың интернет-мәслихаты» айдарындағы форум арқылы қалдыруға және info@alashainasy.kz, aa_astana@mail.ru электронды пошталарымен, сондай-ақ Астана қаласының тұрғындары үшін 54-27-31; 54-27-30 байланыс телефоны арқылы қабылдай аламыз.

Ендеше желіде – Қазақстан Жазушылар Одағы Басқармасының төрағасы, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Нұрлан ОРАЗАЛИН!




Көрілген: 4430    Пікірлер: 18

бейсенбі, 12.03.2015, 13:53

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30