Алаштың интернет-мәслихаты

Оралмандар туралы заң қайтсе оңалады? (Толық жауап)

  • Рақым АЙЫПҰЛЫ,

    Рақым АЙЫПҰЛЫ, "Жебеу" қоғамдық бірлестігінің хатшысы

Өткен аптада ғана Парламент Мәжілісіне «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны және жұмыспен қамту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» жаңа заң жобасының таныстырылымы өтті. Аты атып тұрғандай, құжат көші-қон мәселесін, соның ішінде оралмандар ахуалын айқындайды. Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі әзірлеген заң жобасында оралмандарға қатысты бұрынғы олқылықтар біршама жойылады деген үміт бар. Мәселен, құжатта азаматтық алу мәселесін жеңілдету, олармандарды еңбекпен қамту және орналастырудағы мәселелер қамтылмақ. 


Дегенмен, бұндай өзекті заңға қатысты ұсыныс та аз емес. Соның ішінде, жекелеген азаматтардан бастап, қоғамдық ұйымдар тарапынан белсенділік болғаны да заңның сапалы шығуына бірден бір кепіл болса керек. Шет елдерден келетін қандас бауырларымызға қатысты заңның Парламент қабырғасында талқыланып жатқан тұста оны баспасөз жүзінде көтеріп, зерделеу де жүкті біршама жеңілдетеді деген ойдамыз. Осыған орай, оралмандарға қатысты заң мәселесінде біраз жылдар бойы белсенділік танытып жүрген «Жебеу» қоғамдық бірлестігінің хатшысы Рақым Айыпұлы мырзаны «Алаштың халықтық мәслихатына» сұхбатқа арнайы шақырып отырмыз.

Интернет-конферценция алаңы арқылы оқырман заң жобасындағы жаңалықтармен қоса, өзі де ұсынысын ортаға сала алады деген ойдамыз. Ендеше ардақты әлеумет, көкейде жүргін көп сұрақтарыңызды, білгіңіз келетін мәселелерді, түйткілді сауалдарыңызда ғаламтор желісі арқылы біздің сайтымызда қоюыңызға әбден болады. Рақым Айыпұлы жаңа заңнамаға қатысты жасалатын ұсыныстар төңірегінде де жауап беруге әзір.


Еске сала кетейік, интернет-конференция ашудағы басты мақсат – қоғамдағы өзекті мәселеге қатысты азаматтар тарапынан туындайтын сауалдарға лауазымды тұлғалардың, шенеуніктердің жауабын жедел ұйымдастыру.


Осыған орай, Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысты көкейде жүрген, білгіңіз келетін сауалдар болса бізбен байланысыңыз! Толғандырған сұрақтарды сайттың ««Алаштың интернет-мәслихаты» айдарындағы форум арқылы қалдыруға және info@alashainasy.kz, aa_astana@mail.ru электронды пошталарымен, сондай-ақ Астана қаласының тұрғындары үшін 54-27-31; 54-27-30 байланыс телефоны арқылы қабылдай аламыз.


Ендеше желіде – «Жебеу» қоғамдық бірлестігінің хатшысы Рақым Айыпұлы!




Көрілген: 6591    Пікірлер: 43

бейсенбі, 12.03.2015, 13:52

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30