ҰБТ-да нені білу маңызды: мәселелер, сұрақтар, жаңалықтар... (толық жауап)

ҰБТ-да нені білу маңызды: мәселелер, сұрақтар, жаңалықтар... (толық жауап)

Жыл сайын еліміздің білім саласында өтетін ұлы сынақтың бірі – Ұлттық бірыңғай тестілеу. Түлектің бағы мен бабына, келешек тағдырына тікелей әсер ететін осынау науқан мектепті тамамдайтындар үшін ерекше өзекті әрі оған дайындық та оқу жылынан-ақ басталып, жыл аяқталғанша жүріп отырады десек жаңылмаспыз. Біршама жұртшылықтың жүйкесін жұқартып, түн ұйқысын қашыратын ҰБТ-ға оқушылар, ата-аналар мен мұғалімдер ғана дайындалмайды, сынақты өткізетін арнайы орталық та дайындықты ертеден бастайды. Мәселен, Білім және ғылым министрлігіне қарасты Ұлттық тестілеу орталығы ҰБТ-ғақатысты ақпараттық түсіндіру жұмыстарына қазірден, яғни ақпан айынан бастап кірісіп отыр. Сондықтан да, «Алаштың интернет-мәслихаты» айдарына Ұлттық тестілеу орталығының директоры Қали Сейілбекұлы Әбдиев мырзаны шақырған едік.
Ендеше ардақты әлеумет, көкейде жүргін көп сұрақтарыңызды, білгіңіз келетін мәселелерді, түйткілді сауалдарыңызда ғаламтор желісі арқылы біздің сайтымызда қоюыңызға әбден болады. Қали Сейілбекұлы ҰБТ-ға қатысты мәселелерге жауап беруге әзір.
Еске сала кетейік, интернет-конференция ашудағы басты мақсат – қоғамдағы өзекті мәселеге қатысты азаматтар тарапынан туындайтын сауалдарға лауазымды тұлғалардың, шенеуніктердің жауабын жедел ұйымдастыру. 
Осыған орай, Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысты көкейде жүрген, білгіңіз келетін сауалдар болса бізбен байланысыңыз! Толғандырған сұрақтарды сайттың ««Алаштың интернет-мәслихаты» айдарындағы форум арқылы қалдыруға және info@alashainasy.kz, aa_astana@mail.ru электронды пошталарымен, сондай-ақ Астана қаласының тұрғындары үшін 54-27-31; 54-27-30 байланыс телефоны арқылы қабылдай аламыз.
Ендеше желіде - ҚР Білім және ғылым министрлігі Ұлттық тестілеу орталығының директоры, Қали ӘБДИЕВ!

Құрметті, «Алаш айнасы» интернет басылымының оқырмандары!

Мектеп түлектері үшін сын сәт – Ұлттық бірыңғай тестілеуден өтуге дайындықтың басталып кеткені белгілі. Сондықтан ҰБТ-ға қатысты түсіндіру жұмыстарына ақпан айынан бастап кіріскен Білім және ғылым министрлігіне қарасты Ұлттық тестілеу орталығының директоры Қали ӘБДИЕВті Алаштың интернет-мәслихатына шақырған едік. Оқырмандарымызға осы мәселеге қатысты түйткілді сұрақтарын жолдауға бір апта көлемінде уақыт берілді. Келіп түскен әр сұрақты бірден қағып әкетіп, оған дереу жауап беруде Әбдиев мырза компьютер тілін жетік меңгергендігімен әрі шапшаң қимылымен бізді тәнті етті. Өз ісіне осындай жауапкершілігі үшін және сайтқа келіп түскен сұрақтарға берген жан-жақты жауаптары үшін Қали Әбдиев мырзаға «Алаш айнасы» оқырмандар атынан шексіз алғысын жеткізеді! Өздеріңізден келіп түскен сұрақтарға Қали Әбдиевтің берген жауаптары ішінен 2011 жылғы Жаңақорған оқиғасына қатысты жеке пікірмен таныса аласыздар. Сол секілді ол оқытқан балаларының ҰБТ көрсеткішіне қарай мұғалімді бағалауға қарсы екен, бұл ретте мұғалімнің барлық жетістігін ескеруге мүмкіндік беретін портфолио жасау қажет деп санайды. Міне, Ұлттық тестілеу орталығының директоры Қали ӘБДИЕВтің осындай жеке пікірлерімен қатар және тағы басқа сұрақтарға берген жауаптарымен төмендегі «пікірлерді оқу» түймесін басу арқылы таныса аласыздар!

(СҰРАҚ ҚОЮ ТОҚТАТЫЛДЫ)

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста