Мерей

Алашшыл басылымның алғашқы қадамдары

  • Алашшыл басылымның алғашқы қадамдары

    Алашшыл басылымның алғашқы қадамдары

Қазіргі ақпараттық дәуірдің дүрмегіне ілесіп, осыдан төрт жыл бұрын қазақ баспасөзі тарихында «Алаш айнасы» деген ардақты атаумен жарық көре бастаған басылым бүгін өзінің 1000-шы санын шығарып отыр. Онсыз да өз елімізден тарайтын, бұған қоса сырттан келетін басылымдар санының мол кезеңінде тыңнан түрен салып, заманауи үлгідегі күнделікті газет жұмысын тиімді үйлестіру аса оңай шаруа емес. Әйтсе де отандық ақпарат кеңістігінде «Алаш айнасы» аз уақыт аралығында оқырманын тез тапқан басылымға айнала білді десек, асыра айтқандығымыз емес.


«Штаб-пәтердегі» идеялар қақтығысы

Басылымның тұңғыш саны 2009 жыл­дың 28 қаңтар күні жарық көргенімен, әуел­ден ойға алған ісімізді бастау үшін бір­неше айлар мен апталарды дайындық ша­раларымен өткеріп, талай тартысты күн­дерді бастан кешіргеніміз күні кеше ғана сияқ­ты. Қазақ журналистикасында өз ор­ны бар, тәжірибелі маман Серік Мей­рам­бек­­ұлы­ның маңайына топтаса бастаған қа­лам ұс­таған қыз-жігіттер мен ком­пью­терлік ди­зайннің шеберлері күн-түн демей бо­лашақ басылымның бағыт-бағдары мен кес­кін-кел­бетін жан-жақты ойласумен бол­дық. Жа­ңа жасақтала бастаған ре­дак­ция ол кез­де Алматының орталығындағы «Қа­зақ­стан» кинотеатрына қарама-қарсы, Сей­­фул­лин даңғылының бойында орн­а­лас­қан үлкен бір ғимараттың екінші қа­ба­тындағы ша­ғын ғана екі бөлмелі кеңседе орын теп­кен болатын. «Штаб-пәтер» ата­нып кеткен сол кеңседе түрлі ойлар көк­пар­ға түсіп, сан қилы идеялар қақтығысы жү­ріп жататын.

Журналистер қауымының ортасында жа­ңа басылым туралы түрлі алып-қашпа әң­гімелер де айтыла бастады. Біреулер: «Та­ғы бір жаңа газет ашылайын деп жатыр екен. Кім біледі, ол да белгілі бір саяси нау­қан қарсаңында ашылып, көп ұзамай жа­бы­лып қалатын қатардағы қабырға газе­ті­нің бірі болар...» – деп сенімсіздік танытты. Ен­ді біреулері: «кілең өз ісінің мамандарын бір іске жұмылдыра алатын бұл газеттің бо­лашағы зор» – деп сенім білдіріп жатты. Әр­бір жаңа бастама төңірегінде мұндай ал­уан пікірлердің айтылуы да заңды құ­бы­лыс еді. Десек те, біз өз ұстанымымызға берік, идеямызға адал болуға тырыстық. Ең бастысы, Алты Алаштың баласына өзіне қа­жетті ақпаратты дер кезінде бере алатын басылым жасауға сенімді болдық.

«Пробный номер»

Біраз қыз-жігіттер өзіміздің басқа жер­дегі тұрақты жұмысымыз аяқталған соң, әлі ашылмаған газеттің редакциясына ба­рып, түн жарымына дейін кәдімгідей жұ­мыс іс­тейміз. Қашан барсаң Серік Жан­бо­лат пен Мұ­ратқали Дүйсенбаев аға­­ла­рымыз бен Мақ­сат Әділханов қа­ғаз­ға көміліп, мони­тор­ға шұқшиып, «газет шы­ғарып» жататын. Шы­нында да, «Алаш ай­насының» алғашқы са­ны ресми түрде жарық көргенше біз оған дейін бірнеше «пробный номер» шы­ғар­дық. Онда да бас редакторға бәріміз жи­налып, нөмірді жос­пар­лап, нақты тап­сыр­малар алып, шындап жұ­мысқа кірісе бас­тадық.  Принтерден шық­қан беттердің кей­біреуін қабырғаға қап­татып іліп қойып, кей­біреуін еденге жа­йып салып, соларға қа­рап отырып: «қалай істесек дұрыс бола­ды» деп ұзақ ойланып, пі­кір жарысты­ра­тын­быз. Газеттің сол бір тә­жірибелік сан­да­ры кем-кетігіміз болса тү­зеп, тың идея­ларымызды пісіріп-же­тіл­ді­руге зор көмегі тиді.

Басылым атауын таңдау

Алғашында жаңа газеттің атауын таң­дау бізді қатты толғандырды. Өйткені, о баста «Алаш үні» деген атауды бекітіп, тір­кету кезінде біраз қиындықтар пайда бол­ды. Себебі, ресми статистика есебінде біз­ден бұрын да мұндай атауды иемденгендер бар болып шықты. Тиісті жерге тіркетіп, ба­сылым құжаттарын дұрыстау үшін басқа атау таңдауға тура келді. Қазаққа қызмет ететін басылым болғандықтан әйтеуір «Алаш» сөзін арқау етіп, «Алаш сөзі», «Алаш мұраты», «Алты Алаш», «Азат Алаш» сияқты нешетүрлі атауларды ой еле­­­гінен өткізіп, ақыры «Алаш айнасы» де­ген атауға тоқтадық. Тіпті белгілі суретші-ди­­зайнерлерді арнайы шақырып, газеттің ло­готипі үлгісін жасатып, атауының маз­мұнына сай шрифт, яғни қаріп түрін таң­дау­ға тура келді. Қалай болған күнде де алаш­шыл басылым, Алаш айнасына ай­на­лып, алаш үнін естіртуге, алаш сөзін айтуға, бел буды. Сөйтіп, «Алаш айнасы» деген атаумен жаңа газетіміз ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінде 2008 жылғы қарашаның 17-сінде тіркеуден өтті.

«Алаштың» алғашқы саны

Көктөбенің етегінде орын тепкен, Бега­лин 148 «А» мекенжайындағы зәулім ғи­ма­ратқа басыбайлы қоныс тепкеннен соң, га­зетіміздің тұңғыш санын редакцияның то­­лық құрамымен осы жерден шығар­ған­быз. 

«Алаш айнасының» тұңғыш санының сар­ғая бастаған беттерін парақтап отырып, алғашқы адымдарымыздың қалай, неден басталғанын еске түргендей болдық.

Өткен күннің тарихында қатталып қал­ған бұл санда Мемлекет басшысы Нұр­сұл­тан Назарбаевтың Үндістан еліне жасаған са­парынан «Үнділер Қазақстан Прези­ден­тін таңдапты» атты арнайы материал жа­рия­лаған. «Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төр­аға­лық етуіне Батыстың өзі мүдделі болды» де­ген тақырыпта саясаттанушы Әзімбай Ға­лимен жүргізілген сұхбат та газеттің осы бі­рінші санында берілген. Газетте елдің әлеу­меттік, экономикалық жағдайына са­рап­тама жасалған және спорт пен мә­де­ниет тақырыптарында тұшымды ма­те­риалдар жарық көрген. 

Күні кеше ғана қызық үшін интернеттің із­дестіру сайтының бірін ашып қарасақ «Алаш»  сөзіне қатысты бірден  екі мил­лион­нан астам мәлімет шыға келді, соның ішін­де «Алаш айнасымен»  тікелей бай­ланысты 300  мыңға жуық мәлімет көрініс бер­ді. Демек, бұл қағаз бетіндегі басы­лым­ның ғаламтор кеңістігінде де кеңінен сұ­ранысқа ие екендігінің бір көрсеткіші бол­са керек. Бұл ретте газетіміздің элек­тронды нұсқасының да өз оқырманы қа­лыптасып келе жатқанын аңғаруға болады.

Газетіміздің алғашқы сандары елге та­рай бастаған кездерде белгілі адамдарға ха­барласып, материалдарға байланысты ой-пікірлерін алмақ ниетпен хабарласа қал­саң, алдымен «Алаш айнасының» қан­дай газет екенін, оның бағыты қандай, онда кімдер қызмет етеді» деген сынды көптеген сауалдарға жауап беріп, мән-жайды түсіндіріп әлек болатынбыз.  Арада аз уақыт өтісімен рейтингтің талдаулары бо­йынша №1 газет атанып, жыл сайын Ел­басының арнайы алғыс хатын алып келе жат­­қандығымыз, ең алдымен қалың оқырмандарымыздың арқасы деп білеміз.



Дерек

Қазіргі уақытта газет өзінің та­ралу ауқымы мен тақырыптық ая­сын кеңейте түсуде. Редакцияда 7 бө­лім, редакторат, секретариат жә­не Астаналық бөлімше жұмыс іс­тейді. Алматыдағы редакция қыз­мет­керлерінің жалпы са­ны – 63. Оның 33-i журналистер. Бұ­ған қоса рес­публикамыздың Аты­рау, Қа­рағанды, Оңтүстік Қа­зақстан, Жам­был, Павлодар, Орал, Шы­ғыс Қа­зақ­стан, Қызылорда, Сол­түстік Қа­зақ­стан облыстарында тілшілер қо­сыны жұмыс істейді.

Бүгінгідей ақпараттық қоғамда жыл­дам қызмет көрсету мақ­са­тын­да «аптасына бес рет шығатын «Алаш айнасының» әрбір жаңа са­ны бір мезгілде Астана, Алматы қа­ла­ларындағы баспаханаларда ба­сылып, таратылады.





Көрілген: 1623    Пікірлер: 0

бейсенбі, 30.05.2013, 13:23

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31