Мәртебе

Алашқа еңбегі сіңгендер марапатталды

  • Алашқа еңбегі сіңгендер марапатталды

    Алашқа еңбегі сіңгендер марапатталды

Еліміздің Тәуелсіздік мерекесінің 19 жылдығы қарсаңында саналы ғұмырын халқына арнаған ерлердің қатары тағы бір адаммен толықты. Кеше Ақордада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақ ұлттық өнер университетінің профессоры, композитор Еркеғали Рахмадиевқа «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын өз қолымен табыстады. Сондай-ақ Президент белгілі жазушы Әзілхан Нұршайықовтың өңіріне «Отан» орденін қадады.

Салтанатты шарада сонымен қатар елімізге еңбегі сіңген біраз азамат та мемлекеттік марапаттар мен сыйлыққа ие болды. «Баршаңызды Қазақстан Тәуел­­сіздігінің 19 жылдығымен құттықтаймын. Осын­дай айтулы күннің алдында еліміздің жоғары дәре­желі марапаттарына ие болу – үлкен қуаныш. Биыл еліміз Еуропаның аса беделді ұйымы – ЕҚЫҰ-ға бүкіл Азия мен ТМД елдерінің арасында тұңғыш бас­шылық етті. Әлемдік маңызы бар Астана саммиті аса нәтижелі өткенін білесіздер. Еліміздің қол жеткізген жетістіктеріне барша отандастардың, соның ішінде сіздердің үлестеріңіз аз емес. Осыған байланысты ел­дің өркендеуі жолында елеулі еңбек сіңірген бір топ Қазақстан азаматтарын мемлекеттік сыйлықтармен және наградалармен марапаттаймын», – деп атап өтті Мемлекет басшысы.

Үкімет басшысы Кәрім Мәсімовке еліміздің жо­ғарғы дәрежедегі наградасының бірі – «Қазақстан Рес­публикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұл­тан Назарбаев» ордені табыс етілді. «Ел Үкіметі 2007-2009 жылдары елді дағдарыстан алып шығу бойынша табысты түрде үлкен жұмыс атқарды. Біздің еліміз дағдарыстан шығынсыз шықты.

Бүкіл Үкіметтің еңбегін ескере отырып, мен Тұңғыш Президент орденін Үкімет басшысы Кәрім Мәсімовке табыс етемін», – деді Президент Кәрім Қажымқанұлына төс­белгіні тапсырып тұрып. «Нұрсұлтан Әбіш­ұлы, мені ештеңе толқытпайды деп ойлайтынмын, бірақ бұл адамды толқу сезіміне бөлейтін сәт болып отыр. Мен сіздің көмекшіңіз болдым, қазір де көмекшіңізбін және мәңгі көмекшіңіз болып қаламын», – деді толқығанын жасыра алмаған К.Мәсімов.

Биыл барлығы 120 адам жоғары мемлекеттік марапатқа ие болса, тағы үш адам мемлекеттік сыйлықтың иегері атанып отыр. Бұл қатарда әдебиет және өнер саласындағы мемлекеттік сыйлық еліміздің белгілі қайраткерлері, «Менің Қазақ­станым» әнінің авторлары – сазгер Шәмші Қал­­даяқ­ов пен ақын Жұмекен Нәжіме­денов және суретші Амандос Ақанаевқа берілді. «Біз биылғы жылы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлық лауреат­тарына тағзым етеміз. Биыл бұл награда еліміздің Әнұранын жасауға үлес қосқан қазақ жерінің біртуар ұлдары — марқұм ақын Жұмекен Нәжімеденов пен сазгер Шәмші Қалдаяқовқа тағайындалды. Олар бізге ұлттық құндылыққа айналған үл­кен шығармашылық мұра қалдырды. Біз Әнұранымызды мақтан тұтамыз, өйткені оның сөзі мен сазы халқымыздың шынайы рухын, еркіндікке ұмтылысын, Отанға деген шексіз махаббатын, бірлік пен келе­шекке талпынысын көрсетеді», – деді Нұр­сұлтан Назарбаев.

І дәрежелі «Барыс» ордені төтенше жағ­дайлар министрі Владимир Бож­коға, ІІ дәрежелі «Барыс» ордені Мә­жі­ліс төрағасының орынбасары Жә­ні­бек Кәрібжановқа, Президент Әкім­шілігінің басшысы Аслан Мусинге және Астана қаласының әкімі Иманғали Тасма­ғам­бетовке табысталды.

Қазақ мемлекеттік қыздар педаго­ги­калық университетінің ректоры Шәмшә Бер­кімбаева, Президент кеңесшісі Ер­мұхамет Ертісбаев, «Самұрық-Қазына» қорының басқарма төрағасы Қайрат Ке­лімбетов, мәдениет министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед бастаған бір топ «Парасат» орденімен марапатталса, «Бал­дыр­ған» журналының бас редакторы Тұ­ман­­бай Молдағалиев, Қазақ тағамтану академиясының президенті Төрегелді Шарманов өңірлеріне І дәрежелі «Достық» орденін тақты. Ал ІІ дәрежелі «Достық» ордені «ЛукОйл» ААҚ президенті Вагит Алекперовқа табыс етілді.

Биыл Үкімет мүшелерінің біразы «Құрмет» орденіне лайық деп танылыпты. Олардың қатарында экономикалық даму және сауда министрі Жанар Айтжанова мен Премьер-министрдің орынбасары — индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешовтің есімдері аталды.

Мұнымен қоса «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағына М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер ин­ститутының директоры Сейіт Қас­қа­ба­сов, Қазақ гуманитарлық заң уни­вер­ситетінің президенті Мақсұт Нәрік­баев ие болды. Мұндай құрметке Алаш сый­лығының иегері, белгілі ақын, драматург Серік Тұрғынбеков ағамыз да лайық деп танылыпты.




Көрілген: 4274    Пікірлер: 1

бейсенбі, 16.12.2010, 13:32

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30