Мәртебе

Қазақ елінің ішкі рухани серпілісі

Әлемдегі өзге мемлекеттермен терезесі тең өмір сүруге мүмкіндік алу – кез келген ұлттың ұлы мұраты. Ұлық мереке қарсаңында осы бір Тәуелсіздік атты қастерлі ұғымның Қазақ еліне бергенін тізбектеп өтуді жөн санадық. 1986 жылғы Кеңес Одағының іргесін шайқалтқан Желтоқсан оқиғасынан тұп-тура бес жылдан кейін Қазақ елі өзінің Тәуелсіздік туралы декларациясын жариялады. Тәуелсіз мемлекетті халықаралық саясаттың басты акторларының бірінен кейін бірі мойындауы толағай табыстарымыздың тұңғышы еді. Ал соңғы 19 жылдағы ұлттың 19 ірі серпілісін былайша сабақтайық.

1. 1992 жылы мемлекеттің басты атри­бут­тары — рәміздерімізді бекітіп, дү­ние­жүзін­де­гі ұлттық мемлекеттерді мойын­дайтын алып ұйымның төріне көк байра­ғымызды тігіп, БҰҰ-ның толық­қанды мүшесі атан­дық. Сонымен қатар Қазақстан ЕҚЫҰ сияқ­ты іргелі ұйымның құрамына енді. Дәл осы кезден бастап жас мемлекетке транс­ұлттық корпорациялар тарапынан қызығушылық туып, қазақ жеріне инвести­ция сала бастады. Тәуелсіздік таңы ат­қан­нан бес айдан кейін Қазақстанның дербес Қа­рулы Күш­тері құрылды. Осы жылы дү­ние­жүзі қа­зақ­тарының құрылтайы Алматы қала­сында өткізілді.

2. 1993 жылы Тәуелсіз Қазақстан тұң­ғыш Конституциясын жариялады. Ең ал­ғаш­қы басты құжаттың қабылдануы – Тә­уел­сіздік жылдарындағы елеулі оқи­ға­лар­дың бірі. Дәл осы жылы ұлттық валюта — тең­ге қолданысқа енгізіліп, Қазақ елі қар­жы­лық тәуелсіздікке қол жеткізді.

3. Тұңғыш Ата Заңның негізінде 1994 жылы наурыз айында алғаш рет заң шығарушы орган – Жоғарғы Кеңеске сайлау өткізілді.

4. 1995 жылы Қазақстан қазіргі да­муы­ның басты кепілі болып отырған Консти­туцияны қабылдады. Осы құжат ар­қылы саяси жүйенің классикалық үл­гісіне өтіп, биліктің үш тармағы тиісті меха­низмдері арқылы жұмыс істеуге мүм­кін­дік ал­ды. 1 наурызда қоғамдық ұлт­аралық ке­­лісім мен тұрақтылықты ны­ғайту мақ­­са­тын­да республикада Қазақ­стан халқы Ассамблеясы құрылды. 1995 жыл Абай жылы болып жарияланды.

5. Тәуелсіздігіне бес жыл толған Қа­зақ­стан мемлекетті дамытудың кешенді бағдарламаларын жасап, нақты іске кірісе бастаған болатын. 1996 жылы 16 жел­тоқ­сан­да сол кездегі астанамыз Алматыда Тә­уел­сіздік монументі ашылды. Бұл символ  халықты біріктіруге бағытталған идеология аясында атқарылған шаралардың бірі еді. 1996 жылы 3 сәуірде қазақ ұл­тының өкілдері жеке құжаттарына тари­хи-ха­лықтық дәстүрге сәйкес өз әкесінің аты-жөнін ата-бабасының атымен жаздыруға мүм­кіндік алды. Қазақ елі тұңғыш рет Олимпиада ойындарына қатысты.

6. 1997 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назар­баев «Қазақстан-2030. Қа­зақ­стан­дықтардың өркендеуі, әл-ауқаты мен қа­уіп­сіздігін жақсарту» атты халыққа Жолдауын арнады. Бұл стратегиялық жоспарды қа­былдау – үнемі динамика мен дамуға ұм­тылып отырған халықаралық қа­уым­дас­тық ішіндегі жас мемлекеттің үлкен тә­уе­келге баруы еді. Сонымен қатар ха­лық­тық жалпыкелісім мен саяси репрессия құр­бандарына арналған жыл болып жария­ланды. 20 қарашада Президенттің Жар­лығымен бұрынғы Ақмола қаласы Қа­зақ­станның астанасы болып жарияланды.

7. 1998 жыл елімізде Ұлттың тарихы мен бірлігі жылы болып жарияланды. Осы жы­лы мемлекеттің көмегімен ұлтымыздың тарихын түгендеп, сананы жаңғырту үрдісі жүргізілді. Барлық заңның қайнар көзі болып табылатын Ата Заңымызға толық­ты­ру­лар мен өзгертулер енгізіліп, «Қазақстан – 2030» стратегиялық жоспары ресми түрде қолданысқа енгізілді.

8. 1999 жылды еліміз Мемлекет басшысын сайлаумен бастады. Қазақстан қо­ғамы ең жоғарғы лауазым иесін демо­кра­тия­лық жолмен таңдады. Тәуелсіз Қазақ­стан тарихында тұңғыш рет халық санағын ұйымдастырды.

9. Жетпіс жыл алып империяның құра­мында жүріп, ұлт құндылықтарын сақтауда есесін жіберіп алған жас мемлекет жаңа ғасырды мәдениетті қолдаудан бастады. Билік механизмдерін жетілдіру мақсатында осы жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасының тәуелсіз сот жүйесін күшейту жөнінде» Жарлық қабыл­дады.

10. 2001 жылы Қазақстан өз Тәуел­сіз­дігінің 10 жылдық мерейтойын атап өтті. Бұл жылы өткен он жылдағы атқарылған жұ­мыстарға қорытынды жасап, алдағы уа­қытқа жоспар жасалды.

11. Даму үрдісі кезінде адам капиталын жоғары бағалайтын Қазақстан 2002 жылды жалпыұлттық денсаулық жылы деп жариялады. Осы жылы рухани орта­лығы Түркістан қаласында қазақтардың екін­ші Бүкіләлемдік құрылтайы өткізілді.

12. 2003 жылы нарықтық-экономи­ка­лық жүйені басты назарға алған Қазақстан бел­гілі бір дәрежеде жетістіктерге жеткеннен кейін, алдағы үш жылды ауыл жылы деп жариялады. Діндер арасындағы диалогті қалыптастыру үшін Қазақстан әлемде бі­рінші болып әлемдік және дәстүрлі діндер басшыларының съезін өткізді.

13. 2004 жылы Елбасының тапсырмасымен «Мәдени мұра» бағдарламасы қа­былданды. Үш жылға жоспарланған үлкен жоба қазақ мәдениетінің өткені мен бүгінін сабақтастырды.

14. 2005 жылы Қазақстан халқы президент сайлауы науқанын өткізді. Саяси көз­­қарастары әртүрлі үміткерлер бақ сына­­ған сайлауда Тұңғыш Президент 91,15% дауыс­пен халықтың сеніміне ие болды.

15. 2006 жыл Қазақстан үшін эко­но­ми­калық серпіліс жылы болды. ЖІӨ бұ­рын-соңды болмаған 10,6 пайыз көр­сет­кішке жетсе, Ұлттық қордың активтері 14 млрд долларға дейін жетті. Бұл халықтың болашаққа деген сенімділігін нығайта түсті. Халықаралық қауіпсіздікті қамта­ма­сыз етуге бар күш-жігерін салып жүрген Қа­зақ елі осы жылы әлемдік және дәстүрлі дін­дер басшыларының екінші съезін ша­қырды.

16. 2007 жыл Қазақстандағы қоғам­дық-саяси оқиғалармен есте қалады. Кон­с­титуцияға өзгерістер мен толық­ты­рулар енгізу арқылы мемлекет президенттік бас­қарудан президенттік-парламенттік бас­қару жүйесіне өтті. Осыдан кейін Пар­ла­мент өзін-өзі таратып, жаздың соң­ғы ай­ын­­да заң шығарушы органдағы мандаттар үшін саяси партиялар пропорционалды сай­лау жүйесі арқылы бақ сынады. Осы жы­лы ЕҚЫҰ-ның Сыртқы істер министрлері кеңесі 2010 жылы аталған ұйымға Қазақ­станның төрағалық ететінін жария етті.

17. Елорданың 10 жылдық мерейтойы жалпыұлттық деңгейде аталып өтілді. Әлем­дегі ең жас астаналардың бірі болып сана­латын еліміздің орталығының қа­лып­тасуын шетелдік меймандар Елбасы Нұр­сұлтан Назарбаевтың еңбегі деп бағалады. 2008 жылы Қазақстан демографиясы үл­кен қарқынмен дамыды.

18. 2009 жыл. Бүкіл әлем қаржы дағ­дарысының шырмауында қалған шақта Ел­басы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен «Жол картасы» бағдарламасын әзірлеген Үкімет дағдарысқа лайықты тө­теп берді. Осындай қиын кезеңде қа­уіп­сіздік пен тұрақтылықты ұмыт қалдырмаған Қазақстан Астана төрінде әлемдік және дәстүрлі діндер басшыларының үшінші съезін өткізді.

19. Тарих беттерінде 2010 жыл Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығымен есте қалатыны сөзсіз. Халықаралық қа­уым­дастық тарапынан Ванкуверден Вла­ди­востокқа дейінгі территорияда орна­лас­қан 56 елдің басын қосатын ұйымның биыл­ғы жұмысына жоғары баға беріліп жа­тыр. Ұйымның 11 жыл бойы өткі­зіл­ме­ген саммиті елордада ұйымдастырылды. Пре­зидент Жолдауы бойынша Үкімет ин­дустриялық-инновациялық бағдарлама қа­былдады. Білім мен ғылымға ерекше на­зар аударылып, жаңа заң мақұлданды. Елі­мізде халықаралық дәрежедегі тұңғыш бі­лім ордасы – Назарбаев университеті ашыл­ды. БҰҰ Семей полигоны жабылған күн­ді Халықаралық ядролық қарусыздану күні деп бекітті.




Көрілген: 4516    Пікірлер: 0

бейсенбі, 16.12.2010, 13:02

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30