Мұра

Маңғыстау мәйегін мөлдіреткен еңбек

  • Маңғыстау мәйегін мөлдіреткен еңбек

    Маңғыстау мәйегін мөлдіреткен еңбек

Cырты шөлейт көрінгенімен, Маңғыстау жерінен мәйек тамады. Өйткені Қазақстандағы тарихи ескерткіштердің үштен бірі осынау ұлы Үстірт пен марқа Маңғыстау жерінде жатыр. Мұндайда осынау киелі жерді 362 әулиенің мекендегеніне қалай сенбессің?! Тау-тастан қашап салынған жерасты мешіттерінің өзі неге тұрады. Мұндай тарихи маңызы аса зор ескерткіш Еуразияның ешбір елінде жоқ. Бір ғана «пірдің соңы» Бекет ата салдырған үш бірдей жерасты мешіті теңдесі жоқ ескерткіштер қатарынан орын алады. Сонымен қатар Шопан-ата, Масат-ата, Қараман-ата, Шақпақ-ата, Сұлтан Үпі сияқты қасиетті есім иелерімен байланысты ескерткіштердің әрқайсысының айтары баршылық.


Соңғы кезде осы мәселеге терең үңілген зерттеушілер еңбектері де жарық көре бастады. Соның бірі таяуда ғана оқырманға жол тартқан «Шақпақ-ата жерасты мешіті және қорымының эпиграфикасы» деп аталады. Р.Сүлейменов атындағы Шығыстану институты шығарған бұл еңбек – аталған ескерткіш маңындағы араб-парсы тілдерінде және араб әрпімен жазылған жазбаларды талдаудағы тұңғыш талпыныс болып табылады. Үш тілде (қазақ, орыс, ағылшын), альбом түрінде шыққан бұл кітаптың авторлары Әшірбек Мүмінов мен Айтжан Нұрманова жазбаларды зерттей келіп, ондағы ең ерте жазылған жазу 1796 жылы таңбаланғандығын анықтап отыр. Кітапта ұзын саны 255 жазуға түсінік берілген. Зерттеушілер соның бәрін кириллицаға түсіріп, аударма, суреттерімен қоса жариялаған.


Шақпақ-ата жерасты мешіті алғаш рет 1966-68 жылдары геологтар тарапынан зерттелгені болмаса, күні бүгінге дейін шығыстанушылар назарына ілікпей келген еді. Сондықтан да аталған кітап-альбом  осынау тарихи ескерткіш бойындағы бұрын көпке жұмбақ болып келген жазбалардың кілтін ашып, құпиясын ақтаруға жәрдемдесетіні анық.      


 

«Қазақстанның эпиграфикалық ескерткіштері» тізбесі бойынша Маңғыстау облысының өңірлік «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында жарық көрген осы еңбек арқылы ел тарихын зерделеуге тағы бір қадам жасалды деуге болады.


 




Көрілген: 3742    Пікірлер: 0

сейсенбі, 20.04.2010, 13:56

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30