Астрономиялық көктеммен тұспа-тұс келген тарихи оқиғалар

21 наурыз 2012, 12:00

2008 жылы «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының Мем­ле­кеттік бейбітшілік және прогресс сый­лығын беру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы шықты. Бұл сыйлық азаматтарға бейбітшілік және халықтар арасындағы дос­тықты, өзара сенімді, мемлекетаралық қаты­настарда теңдік пен бірдей қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған белсенді қызметі үшін, қоғамдық және ұлтаралық келісімді орнық­тыруға, рес­публиканың көпұлтты халқының бірлігін нығайтуға қосқан ерекше үлесі үшін және демократия мен әлеуметтік прогресті дамытқаны үшін берілетін болды.


2010 жылы Л.Гумилев атындағы Еур­азия ұлттық университетінде Тоныкөк және Теркін ежелгі түркі ескерткіштерінің ашылу сал­танаты өтті. Түркі қағанатының бас қолбас­шысы болған Тоныкөк атты батыр тұлғаның ерлік істері туралы баяндайтын екі тас ұстыны Күлтегін ескерткішінің жа­нын­да орна­ласса, Біріккен түркі қағанатын құрған Елетміш Білге Тұрайын есіміне арналған Теркін ұстынының бірінші ес­керткіші Еуразия ұлттық университетінің «Жазу тарихы» мұражайына қойылды. Ескерткіштерді жасанды тастан қашап шығарған алматылық шебер – Қырым Алтынбекұлы.