Астрономиялық көктеммен тұспа-тұс келген тарихи оқиғалар

21 наурыз 2012, 12:47

1961 жылы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен Ақмола қаласының атауы Целиноград деп өзгертілді. Бұған КОКП ОК бірінші хатшысы Н.С.Хрущевке қала атауының «белая могила» деген тікелей аудар­масының ұнамауы себеп болды. Қала 1992-1998 жылдары Ақмола атауына қайта ие болды. 1997 жылдың 10 жел­тоқ­санынан бастап Қазақстан Респуб­ликасының астанасына айналған қалаға кейін Астана атауы берілді. 700 мыңға жуық халқы бар Астана Азиядағы ең солтүстік астана сана­лады.


1973 жылы еліміздің батысында Маңғыстау облысы құрылды. Об­лыстың көлемі 165 600 шаршы ша­қы­рымға тең. Бұл әкімшілік аумаққа төрт аудан, екі қала, алты кент пен 30 ауылдық округ енеді. Орталығы – Қазақстанның «теңіз қақпасы» атанған Ақтау қаласы. Өңірде Қазақстан мұнайының 25%-ы өндіріледі. 2011 жылдың 1 қаңтарында Маңғыстау хал­қы 523 601 адамды құрады.