Бабаларымыз осыдан 2,5 мың жыл бұрын да Наурыз тойлаған

21 наурыз 2012, 11:18

Жаңа жылдың наурыздың 22-сінен бас­талуы Жердің Күнді айналуы жо­лын­дағы қозғалуы ерекшелігімен де сәй­кес. Жер бір жылдың айналым жо­лында біркелкі жылжымайды. Нау­рыз­дың 21 тәулігінен қыркүйектің 23 тәу­лігіне дейінгі жол жазғы «жар­тыжылдығын» – 186 тәулікте, ал 23 қыркүйектен 21 наурызға дейінгі жол қысқы «жартыжылдығын» 179 тәу­лікте жүріп өтеді. Бұл Жер ғалам­ша­ры­мыздың да жаңа жылды көк­темнен бас­тағанын қалайтындай қысқы мер­зімге қарағанда баяу, асы­ғып-ап­тық­пай, жақсы мезгілді ұзақ ету­ге ты­рыс­қан­дай болатынын көр­сетеді. ТМД Астрономия-геодезия қо­ғамының толық мүшесі Жүніс Са­хиев­тің ай­туын­ша, бұдан 2,5 мың жылға жуық уақыт бұ­рын күн мен түннің ас­пандағы те­ңелу нүктесі Тоқты шоқ­жұл­дызы тұ­сында болған. Ал шоқ­жұлдыздың бас­қа емес, Тоқты ата­луының өзі ба­ба­ларымыздың нау­рызды сонша жыл бұрын бастағанына айғақ бола ала­ды.