Бата

21 наурыз 2012, 11:22


Серік Қирабаев, Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының академигі:
Наурыз – халқымыздың көне дәс­тү­рінде, тұрмыс-салтында үлкен орын алар мереке. Біраз жыл Наурыздан айырылып қалған уақытымыз да болды. Енді, төл мерекемізді жоғалтып алмайық. Бұл – күн мен түннің теңеліп, ойдағы мен қырдағының қосылып, қыстан қысылып шыққан халық ес жиып, бір-бірімен қауышатын мезгіл. Наурыз көжесін ішіп отырып бір-біріне ақ тілектер айтқан ата-бабамыздың жо­лымен барша халқыма Жаңа жыл құт­ты болсын деймін! Біз осы Наурыз ме­рекесін төл Жаңа жылымызға ай­нал­дырайық.