Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Күн мен түн теңелген сәтте табиғатта қандай өзгеріс болады?

21 наурыз 2012, 11:40

Күн мен түн теңелген сәтте сол­­түстік шығыстан көтеріліп, сол­түстік ба­тысты бетке айнала қозғалған Күннің энергиясынан Жер бетіндегі тіршілікке жаңа ты­ныс беріледі. Қар ызғары топы­рақ­тан түгел ажы­райды. Кейде күн күркіреп, жаңбыр жа­­уады. Ағаш діңі ісініп, босаң­сып, бүр­шік жаруға дайындала бас­тайды. Жер­дегі көктің қал­дығы қай­тадан нәр алып, тіріледі. Та­би­ғат­тағы өз­герістің бәрі тіршілікке оң әсер ет­пеуі мүмкін. Бұл шақта қыс­тан шық­қан адамның ағзасы әл­сі­рейді, созылмалы аурулар ас­қы­нып жатады. Жуан жіңішкеріп, жі­­ңішке үзілетін шаққа хал­қы­мыз­­дан ертеден қамданып, со­ғы­мы­­­нан, басқа да жылы-жұм­­са­ғы­нан қал­дыратыны со­дан. Әсі­­ресе бүй­регі, бауыры ауы­­ра­тын адамдарға бұл кез ауыр соғады. Дегенмен бұл – өт­пелі кезең.