Ниет

«Аязата қай арманыңды орындағанын қалайсың?»

Саида АҚТАН, 4 жаста, Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласы:

– Мен Аязатаны сағынып кеттім. Алыс жолда шаршап келе жатқан шы­ғар. Аязата биыл маған шашы күлгін түс­ті қуыршақты сыйласа ғой. Сондай қуыр­шақпен ойна­ған­ды жақсы кө­ремін.


Әлихан ҒАББАС, Ақтөбе облысы, Қобда ауданы И.Құрманов атындағы орта мектебінің 1-сынып оқушысы:

– Менің бір арманым бар — періш­те­­лер­мен сөйлескім келеді. Мен ылғи үйде бәрі тамақ ішіп болғаннан кейін ас қайы­рып, әумин айтқаннан кейін, ата «періш­те­нің айтқаны қабыл болады» дейді, ал әже «періштелердің құлағына шалынсын» дейді. Сонда мен періште болсам, басқа­лары қайда? Олар барлық арманды орын­дайды дейді. Аязатаға соларды ертіп кел деп айтқым келеді. Себебі Аязаталар бар арманды орындай алмайды ғой.


Даниал ӘБДІБЕК, Ақтөбе қаласындағы №30 орта мектептің 1 «а» сыныбының оқушысы:

– Аязата Антарктидадан келеді. Мен оны Nickelodeon арнасында бол­ған Тимми Тёрнер туралы «Очень стран­ное Рождество» киносынан көрдім. Мен Аязатадан велоси­пед сұрар едім. Оны қазір берсе сақтап қоямын. Сосын жаз­да туған күнімде көшеге алып шы­ғып тебемін. Айтпақшы, негізі, маған пультпен басқарылатын тікұшақ бол­ға­ны жақсы болар еді. Жазда Алматыға бар­ғанда, анам маған сондай тікұшақ са­­тып алып берді. Бірақ оны ашық алаң­­да ойнау керек екен, үйде ойнауға бол­майды. Маған бәрібір сондай тік­ұшақ ұнайды.


Нұртуған БАБАМЖАР, Қызылорда қаласындағы №101 мектептің 3-сынып оқушысы:

– Менің қолым жетпей жүрген зат­тар жоқ. Ата-анам барлығын алып бе­руге ты­ры­сады. Аязатадан сұ­рай­ты­ным – Жаңа жыл­да қар көп жауса екен. Ақ­қа­ла жасап, сыр­ғанақ теуіп ойнағанды жақсы көремін. Біз­­дің Қызылордада қар көп жауа бер­мейді.


Асылзат ТҰРСЫНБЕК, Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы №160 мектептің 3-сынып оқушысы:

– Менің арманым көп. Олардың бар­лығы бірте-бірте орындалып жатыр. Жаңа жылда жаңа компью­те­рім болса деймін. Ве­лосипед те қажет. Аязата әзірге осы ар­мандарымды орындаса екен.




Көрілген: 2670    Пікірлер: 0

бейсенбі, 26.12.2013, 14:38

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30