Оқиға

10 күн бұрын жоғалған кәсіпкердің көлігі Нұра өзенінен табылды

  • © Sputnik / Павел Петров

    © Sputnik / Павел Петров

Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Нұра өзені маңайында із-түзсіз жоғалып кеткен фермерді іздестіру шаралары туралы айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

 

Жоғалған кісіні іздестіру шаралары әлі де жалғасып жатыр. Ал бірнеше күн бұрын оның көлігі өзен жағасынан 10 метр шалғай жерде табылған.

 

"Құтқарушылар көлікті алып шықты. Бірақ ішінде ешкім болған жоқ. Қазір іздестіру жұмыстары өзеннің төменгі жағында жүргізіліп жатыр. Оған құтқарушылар, еріктілер мен фермердің туған-туыстары қатысуда", – деді Ильин орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.

 

Оның айтуынша, өзеннен 63 жастағы Нұрлан Сүлейменовтің сыртқы киімі де табылған. Бірақ өзі жоқ. Құтқарушылар эхолотты қолданып жатыр. Бұдан бөлек, іздестіру шараларына сүңгуірлер де тартылды. Осы орайда министр әдетте іздестіру жұмыстарының 10-14 күн атқарылатынын жеткізді. Ал фермер 8 сәуірде жоғалған.

 

"Өкінішке қарай, оның тірі табылатыны екіталай. Дегенмен, іздестіру шаралары жалғаса береді. Әдетте біз 10-14 күн іздейміз де, сосын жағдайға қарай жұмысты жалғастыруға немесе тоқтатуға шешім қабылдаймыз. Бірақ бұған дейін Шығыс Қазақстан облысында балықшылар жоғалғанда іздестіру шаралары 20 күн жүргізілген. Осы жолы да туған-туыстарының өтініші бойынша тиісті жұмысты жалғастырамыз", – деп атап көрсетті Ильин.

 

Министр суда қауіпсіздік шараларын барынша сақтау қажеттігін де атап өтті. Себебі көп жағдайда қайғылы оқиғаларға адам факторы себеп болып жатады.

 

"Мәселен, жақында Қостанай облысында К-744 тракторы аударылып қалды. Кабинада төрт адам болған. Біреуі шығып үлгерген, ал үшеуін құтқарушылар алып шықты. Өкінішке қарай, олар көз жұмды", – деді министр.

 

Кәсіпкер қалай жоғалды

 

10 сәуірде түнгі сағат 3:00-де облыстық төтенше жағдайлар департаментіне Нұра ауданында адамның жоғалып кеткені туралы хабар түскен. Арыз түсірген адамдардың сөзіне қарағанда, жоғалған азамат 8 сәуірге қараған түні Кәрім Мыңбаев ауылынан Тассуат ауылына көлікпен шыққан. Бірақ діттеген жеріне бармады.

 

Облыстық полицияның хабарлауынша, ер адам көлігімен аудан орталығына қарай кеткен, содан кейін оны ешкім көрмеген. Артынан Нұра өзенінен кәсіпкердің көлігі табылды.

 

"Көлікте ешкім болған жоқ. Бірақ жүргізуші тұсындағы әйнек мен артқы әйнегі ашық тұрды. Бұл адамның көліктен шығуға тырысқанынан хабар берсе керек. Бәлкім, шыққан да шығар", – дейді облыстық төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Ақылбек Ахметжанов.

 

Жергілікті тұрғындардың болжауынша, Нұрлан Сүлейменов көлігімен Нұрадан үйінді өткел арқылы өтуге тырысып, суға түсіп кеткен. Көктемде қолдан жасалған конструкцияны еріген қардың суы басады. Сол кезде өткелден өту қауіпті. Ал жергілікті билік үйінді өткелден өтуге тыйым салып отыр. Себебі 30 шақырым шалғай жерде арнайы көпір бар.

 

 




Көрілген: 1477    Пікірлер: 0

бейсенбі, 15.04.2021, 17:17

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31