Оқиға

"11 жыл бойы сөйлеспеген": досын өлтірген жігіттің әкесі түрмеге өзі келді

  • "11 жыл бойы сөйлеспеген": досын өлтірген жігіттің әкесі түрмеге өзі келді

Сотталған жігіттің әкесі баласына қатты ренжіп, 11 жылдың ішінде түрмеге бірде-бір рет келмеген. Байланысқа да шықпапты

Семейде қатаң режимдегі колониядан өзінің жақын досын өлтірген жігіт босатылды. Оның әкесі баласына қатты ренжіп, 11 жыл бойы хабарласпаған. Ал ұлы түрмеден шығады деген кезде өзі барып, күтіп алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан облыстық қылмыстық атқару жүйесі департаментіне сілтеме жасап.  

Сотталған жігіт пен оның әкесі түрменің қақпасы алдында кездесті. Бұл жүздесу толқу мен сезімге толы болды. Себебі жігіттің әкесі баласына қатты ренжіп, 11 жылдың ішінде түрмеге бірде-бір рет келмеген. Байланысқа да шықпапты.

"Өз өміріне балта шапқаны үшін Алмазды кешіре алмадым. Мен баламды олай тәрбиелеген жоқпын. Ал кеше қызым қоңырау шалып, оның бүгін босап шығатынын естігенде, жан дүнием өзгеріп сала берді, ішімнен шыққан балапанымды бауырыма басып, қатты-қатты құшақтағым келді. Мен кеше оны толық кешірдім", - дейді Алмаздың әкесі.
Осы орайда ол қазақтың "жаңылмайтын жақ, сүрінбейтін тұяқ болмайды" деген сөзін еске алды.

"Осы мақалды 11 жыл бойы ішімнен күн сайын, тіпті минут сайын қайталап келдім. Дауыстап айта алмадым. Бүгін ғана оны алғаш рет дауысымды шығарып тұрып, айтып тұрмын. Мен баламды кешірдім, бүгін менен бақытты әке жоқ", - дейді ол.

Алмас жақын досын өлтіргені үшін 14 жылға сотталған болатын. Оны мерзімінен бұрын босатуға шешім қабылданды. Туыстарынан тек жұбайы мен қарындасы ғана түрмеге қатынап тұрған.

"Кеше Алмаз қарындасына жақсы жаңалық айтамын деп, онлайн байланысқа шықты. Сол кезде әкесімен татуласу мүмкіндігін ойлап, ішінде бір жылулық болған. Бірақ бүгін әкесі түрмеге өзі келеді деп ойлаған жоқпыз. Бұл кездесу толқу мен сезімге толы болды", - дейді тәрбие бөлімінің бастығы, әділет майоры Руслан Камаржанов.




Көрілген: 1025    Пікірлер: 0

сенбі, 06.02.2021, 01:42

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30