Оқиға

16 жастағы қыз сәбиін дәретханада туған соң тұншықтырып өлтірген

  • 16 жастағы қыз сәбиін дәретханада туған соң тұншықтырып өлтірген

    16 жастағы қыз сәбиін дәретханада туған соң тұншықтырып өлтірген

Краснодар өлкесінің Славянск-на-Кубань қаласында 16 жастағы қыз көше дәретханасында сәбиін босанып, оны тұншықтырып өлтірген. Бірнеше күннен кейін ресейлік ару қатты қан кету салдарынан көз жұмған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Оның айтуынша, қыздың анасы оның жүктілігі туралы білсе де, жасөспірімді әйелдер консультациясына тіркеуге қоймаған және ешқашан емханаға жүгінбеген.

 16 жастағы бойжеткен баласын үйдің жанындағы дәретханада дүниеге әкелген. Бұдан соң оның бетін жастыққа қаратып, жатқыза салған. Салдарынан нәресте тұншығып қалады. Сөйтіп жаңа туған нәрестені көшеге қалдырып кеткен. Ал анасынан көп мөлшерде қан кетеді. 

Дереккөздің хабарлауынша, үш күн бойы қызының ауырғанына қарамастан анасы дәрігерлер шақырмаған. Әйел тек бойжеткен есінен танып, өмірлік белгілер бермегенде ғана жедел жәрдем шақыртқан. Дәрігерлер келгенде қыздың көз жұмғанын анықтады. 

"Жасөспірімнің анасы шу шығып кетеді деп қорыққан. Сол себепті жедел жәрдем шақыртпай, қан кетуді өздігінен тоқтатуға тырысқан", — дейді ақпарат көзі.

Тәртіп сақшылары босанғанға дейін әйел қызына түсік тастататын дәрі-дәрмек салған деп болжайды. Бала 5-6 айлығында өмірге келгеніне қарамасан сап-сау болған. 

Stan.kz




Көрілген: 852    Пікірлер: 0

сейсенбі, 05.10.2021, 19:53

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31