19 жастағы жігіт әдейі көлік астына түскен

22 қыркүйек 2022, 15:56

Көкшетауда жігіт әдейі көлік астына түсті, – деп хабарлайды Alashainasy.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

 

20 қыркүйекте сағат 06:52-де Көкшетау қаласының Полиция басқармасына жедел жәрдем станциясының қызметкерлерінен “ЖБМЖ, СММ, бас терісінің көгерген-жыртылған жарақаты, суицидтік әрекет” диагнозымен облыс орталығының 19 жастағы тұрғыны көпбейінді облыстық ауруханаға жеткізілгені туралы телефон хабарламасы келіп түсті.

 

Сағат 06:00 шамасында жас жігіт бағдаршамның рұқсат етілген белгісіне жүріп келе жатқан KIA автокөлігінің алдына жүгіріп шыққан.

 

Полиция қызметкерлері болған оқиғаның мән-жайын анықтауда. ҚР ҚК 105 бабы 1-бөлігі “Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу” бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.