Оқиға

23 кенші үшін Абай шахтасы молаға айналған

  • https://www.ktk.kz/

    https://www.ktk.kz/

Абай шахтасында болған апаттан зардап шеккен екі адамның беті бері қарады. Метан газына уланған кеншілер бүгін жансақтау бөлімінен жалпы палатаға ауыстырылды. Ал қаза болған алты кеншінің денесі сот медициналық сараптамаға жіберілген.

 

Алдағы күндері марқұмдар жер қойнына тапсырылады. Қазір метан газы жарылған Абай шахтасында жұмыс тоқтап, арнайы комиссия апат себептерін анықтап жатыр.

 

Қарағанды облысының барлық шахталарында жоспардан тыс тексерістер басталып кетті. Абай шахтасындағы апат ошағында қалған 8 кеншінің ішінде аман қалған екеуі қазір ем алып жатыр. 58 жастағы Элайдын Зейналов пен 61- дегі Жеңіс Маралбаев кешелі бері жансақтау бөлімінде жатқан.

 

Ерік Шонбаев Мақажанов атындағы клиниканың ахуал орталығының жетекшісі:  

 

- Шахта газы  метан және көмірқышқыл газдарымен уланған күйде түсті. Қазіргі жағдайлары орташаға жақын. Кешегі күнмен салыстырғанда жақсару белгілері бар. Бүгін өзін жайлы сезіне бастады.

 

Ал апат кезінде опат болған 6 кеншінің жастары 31-53 аралығында. Бәрінің артында аңырап бала-шағасы, туыстары қалды.

 

«Арселор Миттал Теміртау» компаниясының басшылығы марқұмдардың барлығына ұжымдық келісім шарт аясында көмек көрсететінін жеткізді. Әр кеншінің 10 жылдық жалақысы төленеді.

 

Виджай Гойяль, «Арселор Миттал СНГ» АҚ бас директоры:

 

- Біздің ұжым алты адамынан айырылып уайымдап отырмыз. Ұжымдық келісімшарттың сыртында біз олардың несиесін өтеуді мойынымызға алдық. Баспанасы болмаса, оны да қарастырамыз. Жерлеу рәсіміне де толық ат салысамыз. Қаражат мәселесін көтеруге әзірміз.

 

- Көмегі маған не керек? Баламнан айырылдым! Баламның орнын кім толтырады?         

 

Сергей Корниенконың кәрі әке шешесі кешелі бері өзіне келе алар емес. Кемпір баласы табытқа жатқанда киетін костюм шалбарын таппай шарқ ұрса, шалы есік алдында мәйітханадан келетін көлікті күтіп жүр. 40 жыл кенші болған ол шахтаның қазіргі жағдайы адам төзгісіз екенін ашық айтты.

 

Анатолий Корниенко, Сергей Корниенконың әкесі:

 

- Мына заманда басқа қайда барасың, шахтадан жұмысын бастаған соң жүре берді. Басқа жұмыс таппайсың, амал жоқ, басыңды қатерге тігіп барасың. Ал кеншілерді ойлап жатқан басшылық жоқ. Олардың барын да, жоғын да елемейді. Сондықтан қауіпсіздік те жайына қалған.

 

Қарашаның 7-сі күні таңғы сағат сегіз жарымда Абай атындағы шахтада метан газы атылған. Жер астында болған 64 кеншінің 56-сы қашып шықса, апат ошағында болған 8 кеншінің алтауы жан тапсырды. Олар улы газдан қорғанатын құрылғыларын қолданып үлгермепті.

 

Арнайы комиссия жетекшісі Юрий Ильин дәл осы Абай шахтасынан көктемде қауіпсіздікке қатысты олқылықтар анықталған дейді. Бірақ алпауыт компания екі аптаның ішінде кемшіліктердің көзін жойғанын айтып жұмысын жалғастыра беріпті.

 

Бұл Абай шахтасындағы алғашқы апат емес. 2008 жылы мұнда метан газының жарылысының арты алапат өртке ұласқан. Жер астындағы 191 кеншінің 161 қашып шығып үлгерсе, 7 адамның денесін құтқарушылар әрең тауып алған. Қалған 23 кенші үшін Абай шахтасы молаға айналды. Өйткені олардың денелесі үйінді астынан сол күйі табылған жоқ.

 

 

 

ktk.kz




Көрілген: 479    Пікірлер: 0

сейсенбі, 09.11.2021, 00:37

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31