Оқиға

26 жастағы жігіт ерсі әрекетімен әйелдер мен балаларды шошытқан

  • CC0 / Skitterphoto

    CC0 / Skitterphoto

Алматы облысы Іле ауданының полициясы ерсі әрекетімен әйелдер мен балалардың зәресін алған 26 жастағы жігітті ұстады, деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.


Саяжай алабының тұрғындарын шошытқан жігіт туралы ақпарат шілде айында әлеуметтік желі арқылы тараған болатын.


Куәгерлердің айтуынша, белгісіз ер адам жолға жүгіріп шығып, жүргіншілерге жыныс мүшесін көрсеткен. Кейін оқиға орнынан ізін суытып отырыпты. Күдікті бұл ерсі әрекетімен саяжай тұрғындарының үрейін қашырған.


Әлеуметтік желіде пост жазған автор тұрғындарды қорқытқан ер адамды алыстан видеоға түсіріп алыпты. Осылайша, ол полицияға арызданған.


Тәртіп сақшылары видео сапасының нашар болғанына қарамастан, күдіктіні іздеу үшін жедел-іздестіру іс-шарасын жүргізіпті.


Сондай-ақ, патрульдік полиция қызметінің жұмысы да күшейтілген.


"Жақында Іле аудандық полициясы Өтеген батыр ауылының 26 жастағы тұрғынын ұстады. Ол кісіні арызданушы таныды. Ер адам өзінің ерсі әрекетін мойындап, сол күні "мас болдым" деп ақталмақшы болды", - делінген Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.



Қазіргі уақытта ұсталған эксгибиционист ұсақ қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Саяжай алабының тұрғындары күдіктіні ұстағаны үшін полицияға алғысын білдірді.


Әлеуметтік желіде жергілікті тұрғындар күдіктінің әйелі мен баласы бар екенін жазуда.


Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі ұсталған ер адамның басқа да құқық бұзушылыққа қатысы бар-жоғын тексереді.


 sputnik




Көрілген: 893    Пікірлер: 0

жұма, 09.08.2019, 09:52

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31