Оқиға

28 сағат бойы қар құрсауында болған қостанайлық отбасына хабарласып, қоштасқан

  • © Photo : ДЧС ВКО

    © Photo : ДЧС ВКО

Қостанай тұрғыны Федор Попов Ақтөбеден қайтып келе жатқанда өлім құша жаздады. Ол құтқарушыларды қар құрсауында бір тәуліктен аса уақыт күткен, деп жазды "Костанайские новости" басылымы.

 

Оқиға 23 ақпанда болды. Көлік жолда қар құрсауында қалып қойған, көп ұзамай жүрмей қалған. Автокөліктегі температура дереу -24 градусқа дейін төмендеген. Попов полиция мен төтенше жағдай қызметіне хабарласқан. Алайда олар оқиға орнына жете алмаған.

 

Сол кезде Федор Попов аман қалу үшін көліктегі орындық қабын оранып, көлік ішінде барынша көп қимылдаған.

 

"Әр 15 минут сайын ұйықтап қалмау үшін құрал-саймандары бар сөмкені пайдаланып, жаттығу жасадым. Аяғым қатты үсіп қалды, себебі көлік ішінде көп қимылдайтын жер де жоқ. Аяғымды ысқылауға тырыстым, алайда одан сайын нашарлай түсті, қолым да тоңып қалды. Кейін аяғым құрысып, қимылдауы қиындады", - деп еске алды Федор.

 

Ер адамның өзімен бірге жейтін асы да, суы да болмаған. Сол себепті қар жеген. Бір рет есінен танып қалған соң әйелі, балаларына хабарласып, қоштасқан.

 

Ер адам 28 сағаттан кейін құтқарылды. Содан кейін жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді. Ер адамның аяғы үсіп қалған, десе де кесіп алып тастайтындай дәрежеде емес.

 

Ер адам физикалық қозғалыстың арқасында аман қалды.

 

Айта кетейік, мұндай жағдай кейінгі күндері ауа райының нашарлауына байланысты жиі болып жатыр. Бұған дейін желіде қар құрсауында қалып қойған жолаушыларды құтқаруға барған полицейдің фотосы тарады.

 

Үсті-басын қар басқан қостанайлық полицейдің фотосы желіде қызу талқыланып жатыр

 

Полиция жолдан шығып кеткен көлікке көмекке барған. Жақын маңдағы елді мекенге барар жол көрінбей, 12 шақырымды 8 сағат жүріп өтті. Жол көрінбегендіктен терезені ашып отыруға мәжбүр болған.

 

 

sputnik.kz




Көрілген: 3490    Пікірлер: 0

жұма, 26.02.2021, 19:40

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30