Оқиға

3,5 жыл бұрын қайтыс болған тұрғынның мәйіті енді жерленді

  • ©ktk.kz

    ©ktk.kz

Осыдан үш жарым жыл бұрын жоғалып кеткен қостанайлық Виктория Курочкинаның мәйіті енді табылып, жер қойнына тапсырды.

 

32 жастағы Виктория Курочкина 2017 жылдың 24 қыркүйегінде іс-түссіз жоғалған еді. Ол күндіз кәмелетке толмаған екі баласын үйде қалдырып, ұялы телефонын алмай сыртқа шығып кеткен. Бірнеше ай бойы ағайын-туғаны үмітін үзбей, іздеу салғанымен, әйелдің дерегі табылмайды.

 

Жоғалған келіншектің әпкесі Римма Рыжованың  айтуынша, марқұмның мәйіті 2019 жылы табылған.  ДНҚ сараптамаларын жүргізіп, туыстығы расталды. Алайда марқұмның сүйегі қылмыстық іс бойынша заттай айғақ болғандықтан, оны сол уақытта жерлей алмаған. Марқұмның сүйегі жақында қайтарылғандықтан, оны жер қойнына енді тапсырды.

 

«Рухы тыныш тапсын! Соңғы сапарына шығарып салдық, жаны жай тапқан болар. Алғашында тірі шығар деп үміттендік. Өкінішке қарай, Виктроиядан айырылып қалыппыз. Екі бала жетім қалды. Мұндай жауыздыққа кім барды? Әлі күнге дейін оны кім өлтіргені белгісіз. Құдай жазасын берсін!» дейді Римма.

 

 

aikyn.kz




Көрілген: 435    Пікірлер: 0

сенбі, 10.04.2021, 14:51

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31