4 жасар бала 6 айлық інісінің басынан теуіп, сүйегін ойып жіберген

22 сәуір 2022, 15:46

Маңғыстау облыстық балалар ауруханасында алты айлық сәбидің бас сүйегіне операция жасалды. 4 жасар бала сәбидің басынан теуіп, бас сүйегін деформациялаған, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Бұл туралы Азамат Сәрсембаев Facebook-те жазды. Оқиға 20 сәуір күні болған. Кешкі сағат 19:35 шамасында алты айлық сәби бас-сүйек зақымымен ауруханаға жеткізілген.

 

Ата-анасының айтуынша, 4 жасар ағасы абайсызда баланың басынан тепкен.

 

 

 

"Сәбиге сол сәтте операция жасалды. Балалар нейрохирургі Ербол Кенжевалов сүйекті трепанациялау жолымен сәтті ота жасады. Зақымдалған ойық қалпына келтіріліп, осылайша сәбидің де жағдайы тұрақталды", - деп хабарлады Сәрсенбаев.