Оқиға

4-қабаттан арқанмен түсті: ШҚО құтқарушылары әйелдің өмірін сақтап қалды

  • 4-қабаттан арқанмен түсті: ШҚО құтқарушылары әйелдің өмірін сақтап қалды

    4-қабаттан арқанмен түсті: ШҚО құтқарушылары әйелдің өмірін сақтап қалды

Шығыс Қазақстан облысының құтқарушылары көпқабатты үй балконынан құлағалы тұрған әйелді құтқарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бүгін таңертең ерте «101» қызметіне Өскемен қаласының Назарбаев даңғылында орналасқан үйдің үшінші қабатының терезесінде әйел тұрғаны туралы қоңырау түсті. Құтқарушылар оқиға орнына жедел жетті. Ол кезде әйел балконға ілініп, құлаудың аз-ақ алдында тұрды.

ШҚО ТЖД мамандандырылған жасағының қызметкері Шыңғыс Смағұлов 4-қабаттан құтқару арқанымен балконға түсіп, соңғы сәтте әйелді ұстап қалды. Оны ақырын төмен түсірді.

Шыңғыс әрекет етіп жатқанда, оны құтқарушылар мен полиция қызметкерлері төменнен кенепті созып, сақтандырып тұрды», - деп мәлім етті ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінен.

40 жастағы әйел жедел жәрдем қызметкерлеріне табысталды. Қазір оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.




Көрілген: 576    Пікірлер: 0

сейсенбі, 08.06.2021, 09:47

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31