Оқиға

6 жасар бала 25 шақырым жердегі үйіне жаяу жол тартқан

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Павлодарда 6 жасар бала 25 шақырым қашықтықтағы үйіне жаяу жетпек болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


Оны полицейлер жол бойынан тауып алған.


«Павлодар облыстық полиция департаменті жергілікті полиция қызметі патрульдік ротасының полицейлері майор Алмас Байымбет пен аға лейтенант Әлішер Латыпов әдеттегідей қызметіне кірісіп, «Павлодар - Успенка» автожолын патрульдеуге шыққан. Жолдың 28-шақырымында, Ефремовка ауылының маңында тасжолдың жиегімен кетіп бара жатқан баланы байқап қалған. Полицейлер бірден тоқтап, баланың есімін, оның жол бойында не істеп жүргенін сұраған. Алты жасар Нұрдәулеттің айтуынша, ол туыстарының үйінен шығып 25 шақырым қашықтықта, Коряковка ауылындағы өз үйіне бет алған», - деді полиция Департаментінің баспасөз қызметінен.


Полицейлер кезекшілік бөліміне хабарласып, болған оқиғаны баяндаған және баланы үйіне дейін жеткізіп тастаған.


«Үйінде ешкім болмаған, есікте құлып тұрған. Кейін баланы Павлодар аудандық полиция бөліміне алып барған. Оның ата-анасының жеке-басын анықтап, әкесіне хабар берді», - деді құқыққорғау органдарында. Баланың әкесі ұлының мұндай жағдайға тап болғанын білмеген. Ол балдырғанды алып кету үшін полиция бөліміне барып, қызметкерлерге алғыс айтты.


 




Көрілген: 742    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 06.05.2019, 20:11

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31