Оқиға

8 жасар баланы соққыға жыққан

  • https://www.ntv.ru/

    https://www.ntv.ru/

Манкелдин көшесіндегі үйдің тұрғындары бастауыш сынып оқушылары үшін аулада серуендеу өте қауіпті екенін айтып ашынады. Ата-аналардың пайымдауынша, жеткіншектер кішкентай балаларға күн көрсетпейді. Жуырда 8 жасар бала таяқ жеген. Оған жасы үлкен бірнеше оқушы жабылған.

 

«Олар төбелесіп қалды. Оқиғаның мән-жайын толық білмеймін. Төбелесті бастаған жеткіншектер жасы кіші балаларға тыныштық бермейді»,- деп тілшілерге бар білгенін жеткізді  Алтынай Дуйсебекова.

 

Зардап шеккен баланың анасы полицияға арызданған. Баланың денесіндегі жарақаттар суретке түсіріліп, бұзақылық бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

 

Мөлдір Бекеева, Шымкент қаласының ПД ішкі және сыртқы коммуникация басқармасының басшысы:

«Оқиғаға қатысы бар кәмелет жасқа толмаған балалар анықталып, олар  ата-аналарымен бірге  Абай аудандық полиция басқармасына жеткізілді. Сот-медициналық сарапатама тағайындалды. Қосымша мәліметтерді  анықтау бойынша жұмыстар жүргізілуде».

 

Егер жеткіншектердің кінәсі дәлелденсе де, олар кәмелет жасқа толмағандықтан,  заң алдында жауап бере алмайды. Бұл жағдайда жазаны ата-аналары көтереді. Бұзақылық бабы бойынша 14 млн. теңгеге дейінгі айыппұл мен бас бостандығынан айыруға дейінгі жаза қаралған.

 

Сондай-ақ, бұзақылық жасағандардың ата-аналары кәмелет жасына толмаған балаларының тәрбиесімен айналыспағаны үшін де заң алдында жауап береді.

 

 

kz.otyrar.kz




Көрілген: 648    Пікірлер: 0

сенбі, 29.05.2021, 09:04

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31