Оқиға

Cемейде 142 жыл бұрын салынған ғимарат өртеніп жатыр

  • Фото: газета

    Фото: газета "Литер"

Cемейлік өрт сөндірушілер 1879 жылғы ғимаратта шыққан жалынмен 10 сағат бойы арпалысуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 26 ақпанда сағат 00.46-да Абай даңғылының бойында орналасқан ЖШС-ның екіқабатты ғимаратында өрт шыққан.

 

Өрт сөндірушілер оқиға орнына бірден келіп жетті. Ағаштан салынған 1879 жылғы ғимараттың қабырғаларын, еденін, жиһаздарды және жеке заттарды жалын шарпыған.

 

«Қазіргі уақытта тілсіз жаумен 19 техника мен 55 адам күресуде. Алдын ала мәлімет бойынша, жалын 600 шаршы метр аумақты шарпыды», - делінген хабарламада.

 

Өрттің шығуына &ndash электр жабдықтарын монтаждау және пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтамау, электр жабдықтарының апаттық жағдайда болуы немесе отпен абайсыз әрекет ету себеп болуы мүмкін.

 

 




Көрілген: 415    Пікірлер: 0

жұма, 26.02.2021, 11:30

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30