Оқиға

Kөлік жүргізу құқығынан айырылған келіншек тағы да мас күйде рөлге отырған

  • Фото: Gorodkirov.ru

    Фото: Gorodkirov.ru

Солтүстік Қазақстан облысында көлік жүргізу құқығынан айырылған келіншек мас күйде рөлге отырып, ауыл көшелерінің бірінде аударылып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Айыртау аудандық полиция бөліміне аудан орталығы Саумалкөлде «ВАЗ-21140» маркалі көліктің көшелердің бірінде аударылып қалғаны жайында хабарлама түскен.

Оқиға орнына жеткен тәртіп сақшылары көлікті 34 жастағы әйелдің тізгіндегенін анықтады. Келіншек зардап шекпеген, ол рөлге мас күйде отырыпты. Медициналық куәландыру жүргізушінің ішімдік ішкенін растады.

«Автоледи» бұған дейін көлікті спирттік ішімдік ішіп жүргізгені үшін көлік басқару құқығынан айырылған екен. Былтыр тағы да мас күйде көлік тізгіндеп, ұсталған.

Ол жолы аудандық соттың үкімімен 2,5 жылға бостандығы шектеліп, өмір бойына көлік жүргізуге тыйым салынған еді. Бұл да әйелге сабақ болмапты.

Айтуынша, ол сол күні таныстарына бармақ болып шыққан. Жолда көлікті басқара алмай қалып, аударып алған. Бұл дерек сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді, көлік арнайы автотұраққа қойылды.

«Былтыр осы азаматшаға қатысты қозғалған қылмыстық іспен жылды жаптық. Енді осы әйелдің ісімен жылды ашып отырмыз, бұл – алғашқы қылмыстық іс. Көлікті мас күйде жүргізу – қауіпті, көп жағдайда жол-көлік оқиғасына әкеледі. Ал бұл азаматша соттың үкімін, заң талабын орындамаған», - дейді Айыртау аудандық полиция бөлімінің бастығы Марат Серкешов.




Көрілген: 500    Пікірлер: 0

сейсенбі, 06.04.2021, 03:00

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31