Оқиға

Lexus жүргізушісінен таяқ жеген зейнеткер кешірім бермейтінін айтты (видео)

  • https://www.instagram.com/ng.kz_/?utm_source=ig_embed

    https://www.instagram.com/ng.kz_/?utm_source=ig_embed

Қостанайда Lexus жүргізушісінен жәбір көрген зейнеткер мәмілеге келуден бас тартып, өзіне ұсынылған қаражатты алмады. Бұл туралы "НГ" басылымына оның қызы айтып берген, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.


1 қарашада Қостанай қалалық полиция басқармасының Оңтүстік бөлімінде Lexus 570 жүргізушісі кім екені анықталғанын айтқан. Ол жеке кәсіпкер - Виталий Ким, "Астықжан" сауда орталығының директоры болған. Өткен жұмада әкем өзін соққыға жыққан ер адамды суреттен таныды, - дейді жәбірленушінің қызы Инна Найденова.


- Осы сәрсенбіде кездесеміз. Өткен аптаның соңында ол мәмілеге келуді ұсынды. 300 мың теңге ұсынды, сосын 1 миллион теңге тағы ұсынды. Бірақ біз одан бас тарттық. Біз оның жауапкершілікке тартылғанын қалаймыз".



Инна Найденованың айтуынша, әкесі әлі де емделіп жатыр екен. Дәрігерлер оның миы шайқалғанын, жабық түрде бас-сүйек миына зақым келгенін айтты. Сондай-ақ, ер адамның мұрны сынған және бет-аузы ісіп кеткен.


Сондай-ақ, қызы Шевцовтың өзіне шабуылдаған адамға қарсы жауап қайтару үшін соққы жұмсағанын айтты, алайда осыдан кейін өзі бірнеше соққы алып, жерге құлаған. Оны тек зейнеткердің досының сөзі тоқтатқан, ол да видеода бар. Ол былай деп сұраған: "Неменеге шалмен алысасың? Неге соққыға жығып жатсың?". "Егер осы сөздер болмағанда, ол мен ұра беретін еді, - дейді Шевцов.


- Жаттығу кезінде "груша" ұрғандай болды. Қан сауғалап тұрғанын көре тұра, еш уайымсыз кетіп қалды. Бізбен тек БАҚ-та шыққаннан кейін ғана байланысқа шықты. Қалалық полицейлерде істі жүргізуге асығар емес, жоғарғы органдарға жазғанымда ғана қимылдай бастады.


Қостанай облыстық ПД баспасөз қызметі осы іске қатысты сотқа дейінгі тергеу шаралары жүріп жатқанын айтты. Виталий Ким осы жағдайға қатысты кейінірек пікір білдіретінін айтқан.



Айта кетейік, оқиға 23 қазанда гараж массивінде болған. 69 жастағы Анатолий Шевцов гаражына жақын маңда тоқтап, артына жалғанған тіркемені ажыратпақ болған. Ер адам осылайша жолдың бір бөлігін жапқан. Осы кезде жол бойымен жол талғамайтын көлік келе жатқан. Зейнеткер жапондық көліктің жүргізушісіне жолдан шығып кетуіне көмектесіп, нұсқап тұрады. Сосын Lexus жүргізушісі көлігінен түсіп, зейнеткерге жақындайды. Бір кезде ол кенеттен егде жастағы ер адамға соққы жұмсайды. Анатолий жауап қайтармақшы болады, алайда есесіне тағы бірнеше соққы алады. Шабуылдаған ер адам оның мұрнын бұзып, тісін сындырған. Сосын көлігіне отырып, кетіп қалған.


 




Көрілген: 499    Пікірлер: 0

сейсенбі, 05.11.2019, 10:44

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30