Оқиға

SCAT ұшағы елорда әуежайына апатты жағдайда қонды

  • © Sputnik / Алексей Куденко

    © Sputnik / Алексей Куденко

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр жуырда SCAT ұшағының елорданың халықаралық әуежайына шұғыл қонуына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.


"Өкінішке қарай, SCAT ұшағымен жайсыз жағдай болды, жоғары эшелонда саңылау пайда болған. Бірақ экипаж кәсіби түрде әрекет етіп, әуежайға сәтті қонды", - деді министр үкімет кулуарында.


Қазір, оның айтуынша, тергеу жүріп жатыр. Нәтижесі кейінірек белгілі болады.


Сондай-ақ, министр ұшқыштардың бірі төтенше жағдайдан кейін ауруханаға түскенін атап өтті.


"Екінші ұшқыштың жағдайы нашарлап, есінен танған. Қазір жағдайы жақсы", - деді Скляр.


Еске сала кетсек, 3 мамыр күні SCAT әуе компаниясының ұшағы елорданың әуежайына шұғыл түрде қонды. Әуе кемесі Минералды сулар – Нұр-Сұлтан бағыты бойынша ұшқан.


Ұшақ бортында экипаждың бес мүшесі мен 42 жолаушы болған. Лайнер апатты жағдайда қонғаннан кейін әуежай аумағына жедел жәрдем бригадасы, әуежайдың өрт сөндіру және авариялық-құтқару қызметі жіберілді.


 




Көрілген: 549    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 06.05.2019, 13:04

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31