Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Абай облысында орман жамылғысынан өрт шықты

01 шілде 2023, 16:33

Абай облысына қарасты Бесқарағай ауданында орман жамылғысы өртенді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Іnbusiness.kz-ке сілтеме жасап.

Ақпаратқа сәйкес, 1 шілде күні сағат 09:48-де Бесқарағай ауданындағы "Семей орманы" мемлекеттік орман табиғи резерваты аумағында түтін нүктесі анықталды.

 

"Жалпы ауданы 1,2 гектар өртті Долон филиалының Байдәулет орманшылығының қызметкерлері оқшаулап, сөндірді. Тілсіз жауды сөндіруге барлығы 24 адам және орман шаруашылығының 9 техникасы қатысты", - делінген ТЖМ мәліметінде.

 

Байдәулет орманшылығының ақпараты бойынша Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының күштері мен құралдарын тарту қажет болмаған.