Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Абай облысындағы жасөспірім өлімі: Білім басқармасы суицидті жоққа шығарды

20 желтоқсан 2022, 09:44

Абай облысының білім басқармасы жасөспірімнің өліміне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.


Желтоқсан айының ортасында Абай облысы Жарма ауданына қарасты Үшбиік ауылында 9-сыныптың екі оқушысы үлкен балалар қорлағаны үшін өз-өзіне қол жұмсағаны туралы ақпарат тараты. Олардың біреуі қайтыс болып, екіншісі аман қалды. Бұл жағдайға төбелес себеп болған, деп мәлімдеді "Еуразия" бірінші арнасы.


Сыныптастарының айтуынша, 11-сынып оқушылары жасөспірімдерді бірнеше рет ұрып, психологиялық қысым көрсеткен.

Абай облысының полиция департаменті Жарма полиция бөлімі ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабының 3-бөлігі ("Өзін-өзі өлтіру") бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастағанын хабарлады. Бірқатар сот-медициналық сараптамалар тағайындалды.

Жасөспірімнің өз-өзіне қол жұмсауы салдарынан мектеп директоры мен сынып жетекшісі қызметінен айырылды. 

 
Желтоқсанның 19-ы күні облыстық білім басқармасы жасөспірімдердің бұзақылық салдарынан өз-өзіне қол жұмсағаны туралы ақпаратты жоққа шығарды. Сондай-ақ ведомство өкілдері марқұмның бір күн бұрын төбелеске қатыспағанын айтты.

Ал өз-өзіне қол жұмсауға әрекеттенген екінші бала жай ғана сабақтан қашып кеткен.


- Ол қорада отырған, сабаққа келмеген соң сынып жетекшісі оны іздей бастаған. Ол оның үйіне жүгірді. Ал ата-анасы да оны іздеп, қораға кіргенде ол сол жерде Choco Pie жеп отырған, - дейді Абай облысының білім басқармасы басшысының орынбасары Әсем Нүскенова.


Бұл іс бойынша басқа ақпарат әлі жарияланған жоқ. Тергеу әлі жалғасуда.