Оқиға

Адам қағып өлтірген полицей апатқа не себеп болғанын айтты (видео)

  • © Sputnik / Абзал Калиев

    © Sputnik / Абзал Калиев

Алматыда қызметтік көлікпен әйелді қағып өлтірген полицей кінәсін толық мойындады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

 

"Мен Төлеутай Бақтияр Алматы қаласы Алатау ауданындағы полиция қызметінде жұмыс істеймін. 2021 жылдың 14 маусымы сағат 6:45 шамасында Өтемісұлы көшесімен оңтүстік бағытқа қарай кетіп бара жатқанымда алдымнан автокөлік солға қарай бұрылмақшы болды. Автокөліктен қашып, апатты болдырмау үшін көлік жуу жаққа қарай бұрылып кеттім. Сол кезде байқаусызда алдымда тұрған әйелді қағып кеттім. Кінәмді толық мойындаймын. Марқұмның туыстарына қайғырып көңіл айтамын", - деді полиция қызметкері.

 

 

Полиция департаментінің мәліметінше, Бақтияр Төлеутай 1992 жылы туған, ол – Алматы қаласы патрульдік полиция инспекторы.

 

Айта кетейік, бүгін Алатау ауданында таңғы сағат жеті шамасында жол апаты болып, полицей көлігі әйелді қағып кетті. Әйел апат орнына жедел жәрдем келгенше қайтыс болды.

 

Қылмыстық кодекстің 345-бабы, 3-тармағы (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы абайсызда адам өліміне әкеп соғуы) бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды.  

 

 




Көрілген: 648    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 14.06.2021, 17:36

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31