Оқиға

Адамдарды жедел көшіруде: Жамбыл облысында болған ТЖ туралы не белгілі?

  • Адамдарды жедел көшіруде: Жамбыл облысында болған ТЖ туралы не белгілі?

    Адамдарды жедел көшіруде: Жамбыл облысында болған ТЖ туралы не белгілі?

Бүгін 26 тамыз күні Жамбыл облысы Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлімде қоймалардың бірінің жанында өрт орын алған.

Өрттің салдарынан белгісіз заттар жарылған.

 Әскери бөлім аумағында болған жарылыстар кешкі сағат тоғыздар шамасында басталған. Sputnik Қазақстан ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, қоймадағы жарылыстар әлі де жалғасуда. Төтенше жағдай маңына жақын тұратын адамдар үйлерін тастап кетіп жатыр. Оқиға орнына арнайы техника тартылған.

Жамбыл облысының әскери бөліміндегі қоймада тұтанған өртті жою жұмыстары жалғасуда. Қазіргі уақытта өрттің бір бөлігі оқшауланған. Сондай-ақ, оқиға орнына Қорғаныс министрінің басшылығымен комиссия жіберілді.

Ақпарат алуға, сондай-ақ оқиға болған жерді визуалды тексеруге жарылыстар мен өрт кедергі келтіреді.

41 -ден 17 -ге дейінгі оқ -дәрі қоймасы өртеніп жатыр. 

Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, қоймада "алыс қашықтыққа ұшпайтын" инженерлік оқ-дәрілер сақталған. 

Алматыдан Таразға баратын жолдың жабылғаны хабарлануда.

Жаңа мәліметтер бойынша, "Алматы-Тараз" жолдарын облыстың жол полициясының 3 экипажы, "Тараз-Алматы" 5 экипажы жауып тастаған. Апат болған жерге баратын барлық жолдар, соның ішінде теміржолға да тосқауыл қойылған.

Қорғаныс министрлігі тұрғындардың көшірілгенін ресми түрде растады.

Жамбыл облысының әкімдігі жақын маңдағы Базарбай, Үш-Бұлақ, Жаңатұрмыс ауылдарының тұрғындарын эвакуациялау туралы хабарлады. Сонымен бірге Қайнар ауылының халқы да қауіпсіз жерге көшірілуде.

Қоғамдық тәртіпті қорғау және тонаудың алдын алу мақсатында эвакуацияланған елді мекендерді күзету ұйымдастырылды.

stan.kz




Көрілген: 549    Пікірлер: 0

бейсенбі, 26.08.2021, 23:15

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31