Оқиға

"Әкесі ұлы мен қызының денесін судан өзі алып шыққан": СҚО-да бір үйдің екі баласы суға кетті

  • "Әкесі ұлы мен қызының денесін судан өзі алып шыққан": СҚО-да бір үйдің екі баласы суға кетті

Солтүстік Қазақстан облысында отбасымен демалуға барған бір үйдің екі баласы суға кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

СҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 31 мамыр күні Шал ақын ауданы Мерген ауылының маңындағы қазаншұңқырда екі бала суға кетті. Ата-аналарының айтуынша, олар бес баласымен көлшікке сағат 13.00 шамасында келген. Қастарында 11 және 9 жастағы қыз бен ұлы, 2 жастан асқан және биыл туған сәбилер, сондай-ақ асырап алған 2012 жылы туған бала болған. Қазаншұңқырдың жанына келісімен отбасы палатка құрған. Бір мезет балалардың әке-шешесі емшектегі сәбимен палаткаға кірген. Үш жасөспірімнің екеуі –2009 жылғы ұл бала 2011 жылғы қыз бала екен.

 
"Көлшіктің бір бөлігі терең емес, су тізеден келеді. Екінші бөлігінде тереңдігі 3 метрге дейін жетеді. Палаткадан шыққан ер адам жағадан екі метрдей жерде суда жүзіп жүрген ер баланың денесін көрген. Алып шығып, қызды іздей бастаған. Бірден аудандық полиция бөлімшесіне, құтқару қызметіне хабарласқан. Оқиға орнына балалар оқыған мектептің директоры жеткен. Қыздың денесін өздіктерінен таба алмағандықтан Петропавлдан құтқарушы-сүңгуірлер отрядын шақыртты, алайда, жергілікті мамандар мен ауыл тұрғындары жасөспірімнің денесін олар келгенше екі метр тереңдіктен өздері алып шықты", - дейді СҚО ТЖД бастығының орынбасары Мұрат Қанғожинов.

Балалардың мерт болуына не себеп болғаны тексерілетін болады.

"Балалар суға кеткен кезде әке-шешелері палаткада болған. Оқиға орнында болған полицейлер жасөспірімдердің денесінен зорлық белгілерін тапқан жоқ, дегенмен сот-медициналық сараптаманың қорытындысын күтеміз", - дейді Мұрат Қанғожинов.




Көрілген: 857    Пікірлер: 0

сейсенбі, 01.06.2021, 19:05

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31