Оқиға

Ақмола облысында 15 жасар қыз өз-өзіне қол жұмсады

  • https://www.inform.kz/

    https://www.inform.kz/

Ақмола облысының Астрахань ауданында 15 жастағы қыз өз-өзіне қол жұмсады. Бұл жыл басынан бері жасөспірімдер арасындағы өз-өзіне қол жұмсаудың сегізінші оқиғасы, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

Ақмола облысы ІІД баспасөз қызметінен хабарланғандай, 6 қарашада Астрахан аудандық полиция бөліміне орталық аудандық ауруханасының фельдшерінен 15 жастағы қыздың өз-өзіне қол салғаны туралы хабарлама түскен. Астраханка ауылының тұрғыны үйінің ауласындағы қосалқы құрылыста асылып қалған.

 

«Сараптама тағайындалды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. 105 Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнің 105 бабы «Өз-өзіне қол жұмсауға апару» бойынша тергеу жүргізілуде», - деп түсіндірді департаментте.

 

 

Ақмола облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Ботакөз Дүйсенованың айтуынша, бұл жыл басынан бері ақмолалық оқушылар арасында өз-өзіне қол жұмсау фактілерінің сегізінші оқиғасы. Аяқталмаған суицид әрекеттері – 21.

 

«Біз ЮНИСЕФ бағдарламасы арқылы 2016 жылдан бастап жұмыс істей бастадық. 2016-2017 жылдары олар бір деңгейде болды – жылына жасөспірімдер арасында 14 суицид. 2018 жылы төмендеу байқалды – 9 суицид. 2019 жылы төрт суицид тіркелді. Рецессия болды, бірақ өткен жылы пандемия басталып, балалар барлығы үйде болған кезде, күрт өсу байқалды», - деп атап өтті әңгімелесуші.

 

 

 




Көрілген: 426    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 10.11.2021, 08:14

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31