Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Ақмола облысында антисептик ішіп қойған 5 жасар қыз бала көз жұмды

27 шілде 2020, 21:13

Ақмола облысы Сандықтау ауылында бес жасар қыз бала антисептик тауып алып, оны ішкеннен кейін көз жұмған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

 

Сандықтау аудандық ауруханасында хабарланғандай, демалыс күні бес жасар қыз бала шұғыл түрде ауруханаға жеткізілген. Бүлдіршін клиникалық өлім жағдайында болыпты. Дәрігерлер адреналиннен бастап жасанды тыныс беру процедурасы сияқты қолдан келгеннің бәрін жасаған. Бірақ ауруханаға түскен сәттен отыз минуттан кейін бүлдіршін көз жұмған.

 

Белгілі болғандай, қыз бала 27 жастағы туысымен үйде қалған. Анасы жұмысқа кеткен, ата-анасы ажырасқан. Қараусыз қалған бойда қыз сөреге шығып, ішінде антисептик бар бөтелкені тауып алған. Болжам бойынша, ол сұйықтықты шырын деп ойлап, ішіп қоюы мүмкін.

 

Бұл іс бойынша қазір тексеріс жұмыстары жүргізіліп жатыр.

 

Еске салсақ, бұған дейін дәрігер-терапевт, дерматолог Лариса Алексеева жиі қол жуу мен антисептиктерді қолданудың қаупін айтқан еді. Оның сөзінше, қолды жиі сабындап жуу мен антисептиктерді қолдану тері иммунитетін сақтайтын флораны кетіруі мүмкін.

 

Сонымен қатар ресейлік фармаколог дәрігер Игорь Федоров үй жағдайында антисептик жасамауға шақырған болатын. Маманның айтуынша, үйде спиртті дұрыс мөлшерде қосып, дұрыс үйлестіре алуыңыз екіталай.