Ақмола облысында боранда жолда қалған 85 адам құтқарылды

08 наурыз 2022, 16:38

Ақмола облысында боранда жолда қалған 85 адам құтқарылды, оның 19 бала, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

«Облыс аумағында 7 және 8 наурыз аралығында ақтүтек боран болды. Ауа райының қолайсыздығына қарамастан жолға шығып, қар құрсауында қалған 85 адам құтқарылды, оның 19-ы бала. Балалар арасында бір жасқа дейінгі сәбилер де бар. Өрт сөндіруші-құтқарушылардың жедел іс-қимылдарының арқасында жолаушылар жылыту орындарына эвакуацияланды. Құтқару жұмыстары Бурабай және Аршалы аудандарында жүргізілді, құтқарушылар тәулік бойы жұмыс істеді», - деді ведомстводан.

 

Осы ретте, Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері ақмолалықтарға жолдардың жабылуы туралы смс-хабарлама алған кезде жолға шықпауға кеңес береді.

 

Айта кетсек, наурыздың 7-де Шортанды ауданының Бозайғыр ауылы маңында, яғни «Нұр-Сұлтан-Петропавл» автожолында жаппай жол-көлік оқиғасы орын алған болатын.

 

<iframe src="https://vk.com/video_ext.php?oid=-166484109&id=456239571&hash=c5139d1cb5169213" width="500" height="315" frameborder="0" allowfullscreen="1" allow="autoplay; encrypted-media; fullscreen; picture-in-picture"></iframe>