Ақмола облысында жантүршігерлік жол апатынан екі адам көз жұмды (фото)

27 қазан 2020, 14:36

Ақмола облысындағы көлік тас жолдан ұшып, жыраға құлап, өртенді, салдарынан екі адам қаза тапты, деп хабарлайды zakon.kz.

 

Облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, апат 26 қазанда болған. Түнгі сағат 2.30-да Ақкөл АІІБ кезекші бекетіне Азат ауылының маңында тас жолдан Mazda Cronos маркалы автокөлігі ұшып кеткені туралы хабарлама келіп түсті.

 

 

Оқиға орнына келген тәртіп сақшылары Азат - Степногорск тас жолының 6 шақырымында Степногорсктен Нұр-Сұлтан бағытына жол тартқан 28 жастағы Mazda жүргізушісі көліктің рөліне ие бола алмай, тас жолдан ұшып, жыраға ұшқан. Содан кейін ол өртеніп кетті.

 

 

Өкінішке орай, 28 жастағы жүргізуші мен оның 39 жастағы жолаушысы апат салдарынан сол жерде қайтыс болды. Бұл факті бойынша тәртіп сақшылары ҚР Қылмыстық кодекстің 345-бабы, 4-бөлігі бойынша, "Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы" бойынша қылмыстық іс қозғады.