Оқиға

Ақмола облысында жоғалған 15 жасар қыз табылды

  • https://www.inform.kz/

    https://www.inform.kz/

Ақмола облысында із-түзсіз жоғалған 15 жасар қыз табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Бурабай аудандық ПБ кезекші бөліміне Веденовка ауылының 47 жастағы тұрғыны хабарласып, 20 қыркүйектен бері із-түзсіз жоғалған қызы Аягөз Сағындыққызы Қапезованы іздеп табуға көмек сұраған.

 

Оның айтуынша, 15 жасар қызы белгісіз бағытта кетіп қалған. Ал 22 қыркүйек күні кешкі 21.30 шамасында жедел іздестіру кезінде жоғалған жасөспірім табылды.

 

«Қазіргі уақытта бойжеткен ата-анасына тапсырылған. Оған қатысты қандай да бір заңға қайшы әрекет жасалған-жасалмағанын тексеріп жатырмыз» деп мәлім етті полиция департаментінің баспасөз қызметі.

 

Еске сала кетейік, жасөспірімді табу үшін Б урабай аудандық полиция бөлімінің жеке құрамы, сондай-ақ қоғам өкілдері жұмылдырылды .

 

Жасөспірімінің туыстары, достары, сыныптастары, достары, такси жүргізушілері, көршілерінен сұралды.

 

Кейіннен 15 жасар қызбен әлеуметтік желіде танысқан 24 жастағы жігіт туралы мәлімет белгілі болды. Олар Аягөз жоғалған күні кездесеміз деп уағдаласқан.

 

 




Көрілген: 344    Пікірлер: 0

жұма, 24.09.2021, 08:03

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31