Оқиға

Ақмола облысында жоғалып кеткен мұғалім "БОМЖ-дар" арасынан табылды

  • https://stan.kz/

    https://stan.kz/

Ақмола облысының жедел уәкілдері жоғалып кеткен мұғалімді тапты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

 

10 мамырда Көкшетау полиция бөлімінің кезекші бөліміне Солтүстік Қазақстан облысы ауылдарының бірінің 53 жастағы тұрғынынан арыз түсті. Ол 4 сәуірде 32 жасқа толған ұлы Бақтияр Теміржановты іздеуге көмек сұрады. Әкесі 7 мамырда таңертең жас жігіттің Көкшетаудағы үйінен кетіп қалғанын, содан бері  хабарсыз кеткенін айтты.

 

Тәртіп сақшылары жоғалған адамның дене шынықтыру мұғалімі болып жұмыс істейтінін анықтады. Ол жеке ісімен Көкшетауға келіп, нағашы апасына барған, содан кейін жоғалып кеткен.

 

Ер адамның тұрған жерін анықтау мақсатында тәртіп сақшылары 40 қызметкерден тұратын арнайы іздестіру тобын құрды, сондай-ақ еріктілер жұмылдырылды.

 

Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полиция жоғалған адамның орналасқан жерін анықтай алды. Ол Көкшетау қаласындағы қараусыз қалған жерлердің бірінде болып, тұрғылықты жері жоқ адамдар арасында түнеген. Ер адам мұндай әрекетке не үшін барғанын түсіндірген жоқ. Оған қатысты ешқандай қылмыс немесе құқық бұзушылық жасалмағаны анықталды.

 

Айта кету керек, жалпы облыста 30 адам іздестіріліп жатыр. Еріктілер мен жергілікті тұрғындардың көмегі өте зор.

 

 

 

 




Көрілген: 512    Пікірлер: 0

жұма, 14.05.2021, 19:26

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30