Оқиға

Ақмола облысында кәмелетке толмаған қыз іздестірілуде

  • Ақмола облысында кәмелетке толмаған қыз іздестірілуде

    Ақмола облысында кәмелетке толмаған қыз іздестірілуде

Ақмола облысында үйінен кетіп қалған кәмелеттік жасқа толмаған қыз іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, 2021 жылғы ақпанның 4-де Зеренді аудандық ПБ кезекшілік бөліміне 35 жастағы жергілікті тұрғын хабарласып, кәмелеттік жасқа толмаған қызы Анель Серікқызы Накенді іздеуге көмек сұрады. Әйелдің сөзінше, оның қызы 2021 жылғы ақпанның 1-де сағат 21:30 үйден кетіп қалған, содан бері оның қайда жүргені белгісіз.

«Анықталғандай, Анель жергілікті колледждердің бірінде бірінші курста оқиды. Анасымен бірге тұрады. Ол 2018 жылдан бері үйінен осымен 6 рет кетіп қалып отыр. Анасының айтуынша, бұл жолы біреу Анельге қоңырау шалған. Содан ол үйінен белгісіз жаққа шығып кеткен», - деді ведомстводан.

Жоғалған қыздың бойы 155-160 см, дене бітімі жұқалау келген, шашы қара, беті сопақ, ерні орташа, құлақтары жабысқан, мұрны тік, үлкен, көздері қоңыр.

Ерекше белгілер: жоғарғы ернінде тыртығы бар.

«Кәмелеттік жасқа толмаған қыз баланың тұрған жерін анықтау мақсатында тәртіп сақшылары жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді, оның барысында барлық таныс және жақын адамдардан жауап алынды. Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде қыздың қазір Нұр-Сұлтан қаласында екені белгілі болды», - деп толықтырды ведомстводан.

Қазіргі кезде, тәртіп сақшылары оның нақты жүрген жерін білетін азаматтардан «102» арнайы желісіне қоңырау шалуды сұрайды.




Көрілген: 521    Пікірлер: 0

жұма, 05.02.2021, 23:14

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30