Оқиға

Ақмола облысында мектепте жарылыс болды

  • © Ақмола облысы ТЖД

    © Ақмола облысы ТЖД

Ақмола облысында Абай атындағы мектепте жарылыс болды. Зардап шеккендер жоқ. Себебі балалар қашықтан білім алып жүр, деп хабарлады Sputnik Қазақстан тілшісі.

 

Аршалы аудандық ішкі саясат бөлімінің мәліметіне сәйкес, қазандық бүгін күндіз сағат 13:10-де жарылған. Балалар қашықтан оқып жүргеннен кейін мектепте көп адам болмаған. Жарақат алғандар жоқ.

 

 

Ал аудандық білім бөлімінің басшысы Мереке Молдахметов мектепте 114 бала оқып жүргенін айтты.

 

"Жарылыстың себебі белгісіз. Қазір сол жаққа бара жатырмыз. Таңға дейін бәрін қалпына келтіруді жоспарлап отырмыз", - деді ол телефон арқылы Sputnik Қазақстан тілшісіне.

 

Қазандық мектепке жаспарлас салынған құрылыстың ішінде болған. Жарылыс кезінде қосымша үй-жай мен мектептің арасындағы қабырғаның бір бөлігі опырылып түскен. Бірақ бұл төбені тіреп тұрған қабырға емес. Қазандық "Орталық жылу таратушы компания" ЖШС-іне сенімді басқаруға берілген.

 

 

 

 

 




Көрілген: 421    Пікірлер: 0

бейсенбі, 11.03.2021, 20:04

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31