Оқиға

Ақмола облысында оқушы мектеп шатырынан құлап кетті

  • Ақмола облысында оқушы мектеп шатырынан құлап кетті

    Ақмола облысында оқушы мектеп шатырынан құлап кетті

Қазір жасөспірім жансақтау бөлімінде жатыр, полиция тергеу жүргізіп жатыр

Мектептің жөндеу жұмыстарына қатысқан 9-сынып оқушысы шатырды ауыстыру кезінде құлап кетті. Жасөспірім жансақтау бөліміне жатқызылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Оқиға Ақмола облысының Ақкөл қаласында болды. 9-сынып оқушысы Ж.Бектұров атындағы №3 жалпы білім беретін мектептің жөндеу жұмыстарына тартылған.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, жасөспірімнің бас сүйегі сынған. Қазіргі таңда аудандық аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр.

Бұл оқиғаны Ақмола облысының білім басқармасы да растады.

"Шынымен де, аталған мектепте жөндеу жұмыстары кезінде жұмысшы зардап шекті, ол мектеп оқушысы болып шықты. Қазір бала есін жиды, жарықты сезеді, көзін ашады. Аудандық аурухана дәрігерінің мәліметінше, санавиация дәрігері қарап шығып, бала облыстық ауруханаға тасымалдауға мұқтаж емес екенін айтқан", - деді ведомствоның баспасөз қызметіндегілер.

Белгілі болғандай, мектепте күрделі жөндеуге байланысты сабақ өтпеген. Блім басқармасы дүйсенбі күні толық ақпарат беруге уәде етті.

Бұл факті бойынша аудандық полиция басқармасы тергеу жүргізіп жатыр.




Көрілген: 343    Пікірлер: 0

жексенбі, 12.09.2021, 11:49

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31